2014 жылдың басынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларының ипотекалық қоржыны 15% көбейді

07.08.2014 2014 жылғы бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша
Банк ВТБ (Қазақстан) ипотекалық қоржыны 15% өсті. Берілген қарыз сомасынан ипотекалық кредит көлемі - 8% құрады. Бүгінгі күні кредиттің орташа сомасы - 9 млн теңгені құрайды.

Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасының орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «2014 жылы Банк ВТБ (Қазақстан) ипотекалық нарықта жағымды динамиканы
көрсетуді жалғастырады. Наурызда 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ипотекалық кредит қоржынының өсуі - 12,4% құрады, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 2,6% көбейді. Негізінде қазақстандықтар Астана, Алматы, Қостанай, Павлодар және Семей қалаларында екінші нарықтағы жылжымайтын мүлікті сатып алуда.».


ВТБ қазақстандық еншілес банкі ипотекалық кредиттеуді 2011 жылдан бастап жүзеге асыра бастады. Қысқа мерзім ішінде Банк жағымды динамиканы көрсетті: ипотекалық қоржын 5 млрд теңгеге дейін жетті, бұл тұрғындардың Банкке деген сенімділігі.

Банк ВТБ (Қазақстан) тұрғын немесе коммерциялық жылжымайтын мүлікті теңге және АҚШ долларда сатып алуға кредиттерін ұсынады. Қарыздың ең жоғарғы сомасы – 120 млн теңгеге дейін, ең көп мерзімі – 20 жыл.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).