ЕО сан кцияларына қатысты ВТБ-нің мәлімдемесі

01.08.2014 ВТБ капитал нарығына шығу мүмкіндігін шектейтін еуропалық биліктің шешімін теріс бағалайды. Бұндай іс-әрекеттер, өздерінің жеке мүдделеріне қайшы келетініне қарамастан, өзінің мұхиттың арғы жағындағы үлкен серіктерінің жетегіне көнген еуропалықтардың демократиялық құндылықтарына қайшы келеді.

Сонымен қатар, қабылданған шешімдер еркін нарықтың негізгі қағидаларына мүлдем сәйкес келмейді және тек ВТБ-ін ғана емес, халықаралық инвесторларды да кемсітеді. Іс жүзінде, еуропалық билік олардың өз қаражатын қайда ұқю керектігі туралы шешімді қабылдау құқығын өздеріне иемденді.

Еуропалық санкцияларға қарамастан, ВТБ және оның еншілес компаниялары, өзінің инвесторлары мен акционерлері алдында барлық міндеттемелерін орындап, біздің клиенттерімізге жоғары сапалы қызмет көрсету қағидасын ұстана отырып, бұрынғы тәртіпте жұмыстарын жалғастырады.

Мұнан былай, капитал нарығындағы ымыраларды жоспарлау біздің қорландырудағы қажеттілігіміздің және нарықтың мүмкіндіктері мен жағдаятына тәуелді болады.