Банк ВТБ (Қазақстан) эквайринг желідегі тауарларды және қызметтерді төлеу бойынша айналым 126% көбейді

25.07.2014 2014 жылдың басынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) эквайринг желідегі тауарларды және қызметтерді төлеу бойынша айналым 126% ұлғайды, транзакция саны 13% өсті. Сонымен қатар, II тоқсанның қорытындысы бойынша төлеу көлемі I тоқсанның ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 110% ұлғайды, транзакция саны 60% өсті.

Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасының орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «Орташа есеппен алғанда
ай сайынғы карточка бойынша сату айналымының өсуі 30% құрайды, өткізілген транзакцияның өсуі – 20%.
Жылдың басынан бастап POS-терминалдар паркі 221% ұлғайды. Павлодар, Орал және Алматы Банктің POS-терминалдарын тиімді пайдалану бойынша көшбасшылары болып табылады.».

Банктің мамандары белгілейді, үлкен көрсеткіштердің негізгі өсуі ақшасыз есеп айырысу жүйесін енгізу кезеңімен байланысты, POS-терминалдар арқылы, кәсіпкерлік субъектілері үшін (01.07.2014ж. бастап – Астана және Алматы ққ., 01.01.2015ж. бастап – облыс мағындағы қалаларында, 01.01.2017ж. бастап – ҚР бүкіл аумақтары бойынша). Сонымен қатар, дұрыс динамика POS-терминалдар арқылы қызмет көрсетуге сауда-сервис орындарын тартумен және әрбір клиент үшін тарифтерді жеке ұсынумен байланысты.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).