Банк ВТБ (Қазақстан) 2014 жылғы 1 жарты жылдықтағы қаржылық нәтижелерін хабарлайды

15.07.2014 Алматы – Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы 01.07.2014 жылғы жағдайы бойынша қаржылық есептемені жариялайды:

2014 жылғы 1 жарты жылдықтағы негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштер:

• Банктің активтері 3% – 148 815 млн. теңгеге дейін өсті;
• Міндеттемелер 4% - 131 061 млн. теңгеге дейін көбейді;
• Банктің кредит қоржыны 2014 жылғы 1 шілдедегі болжалды мерзімді ескере отырып, 117 221 млн. теңгені құрады. Кредит қоржынының сапасы жоғары деңгейде тұр;
• 2014 жылғы 1 шілдедегі клиенттердің депозиттеріндегі және шоттарындағы қаражат көлемі 97 648 млн. теңгені құрады;
• 2014 жылғы 1 жартыжылдықтағы қорларды қалыптастырғанға дейін таза пайыздық табыс, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27% көбейіп, 4 309 млн. теңгені құрады;
• 6 айда таза комиссиялық табыс, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге көбейіп, 1 176 млн. теңгеге жетті;
• 2014 жылғы 1 жарты жылдықтағы Банктің таза табысы өткен жылдың ұқсас кезеңі үшін 62 млн. теңге таза шығынмен салыстырғанда 378 млн. теңгені құрады;

Банк ВТБ (Қазақстан) өз қаржы ұстанымының тұрақтылығын көрсетуді және Банк клиенттер қаражатының сақталуын қамтамасыз етуді жалғастырады. Бизнес-процестерінің тиімді және икемді жүйесінің және тәуекелдерді басқару үшін өлшенген көз қарасының арқасында, Банк өзгертулерге әсер етеді және клиенттерге өнімдік шешімдерді ұсынады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 19 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 20 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%). ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.