2014 жылдың І жарты жылдығының қорытындылары бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) кредиттік карточкаларды беру 68%-ға көбейді

27.06.2014 Былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2014 жылғы 01 қаңтардан 25 маусымға дейінгі кезеңде Банктің клиенттеріне берілген кредиттік карталардың санының өсуі 68% құрады. Астананың, Алматы мен Павлодардың тұрғындары кредиттік карточкалардың аса белсенді пайдаланушылары болып табылады.

Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасының Орынбасары: «Біз 2014 жылы Банктің төлем карточкаларының көмегімен ұсынылатын қызметтердің спектрін маңызды кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, жуық арада біздің клиенттер банкомат арқылы кредитті өтей, депозитті толықтыра немесе Банктің карточкасынан ТМД-дағы кез келген
басқа Банктің карточкасына VISA Direct аударуды жүзеге асыра алады».

Банк ВТБ (Қазақстан) кредиттік карталары бойынша кредиттік лимиттің максималды сомасы 2 000 000 теңге құрайды. Карточканың иесі кредиттік лимиттің есебі арқылы қолма-қол ақша алуы және заттар сатып алуы мүмкін. Сонымен жеңілдік өтеу кезеңі – 60 күнге дейін осы кредиттік карточканың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Клиенттің жеңілдік кезеңнің шеңберінде Банкке сыйақы төлемей, кредиттік лимитті мүлдем тегін
пайдалану мүмкіндігі бар.

Банк ВТБ (Қазақстан) кредиттік карточкалары қолма-қол ақша алуға және сауда-сервистік желіде, Қазақстанда, солай Visa логотипі көрсетілген, әлемнің кез келген елінде есеп айырысуға мүмкіндік береді. Сонымен Банк клиенттеріне валютаны айырбастауға уақыттарын жұмсау қажеттілігі жоқ, неге десең карточкалық шоттағы қаражатты айырбастау автоматты түрде болады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).