Банк ВТБ (Қазақстан) банк карточкаларымен операция спектрін кеңейту туралы хабарлайды

13.06.2014 Енді Банк ВТБ (Қазақстан) банк карталарының ұстаушыларына
Банктің банкоматтары арқылы картадан картаға аудару және SMS-ақпараттандыру қол жетімді болғаны белгілі.

«Картадан картаға аудару» қызметі Банк ВТБ (Қазақстан) желілерінде банк карталарының өз және басқа шоттарынан, сонымен қатар комиссиясыз дебеттік картадан кредит картасына қаражатты аударуға рұқсат береді. Ақша алушысы Қазақстанда, сондай-ақ шетелде болуы мүмкін.

Өзінің банк картасы бойынша операцияларды бақылау «SMS-ақпараттандыру» қызметі рұқсат береді, оны енді банкомат арқылы қосуға болады. SMS-ақпараттандыру шотқа ақшаның түскені, алу, нақты уақыт тәртібінде карточкадан сатып алған тауарларды төлеу және басқасы туралы ақпаратты алуға рұқсат береді.

Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасының орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «Біздің Банктің банкомат желісі олардың қызмет спектрімен бірге үнемі өседі. Біздің банкоматтарымыз арқылы Банк ВТБ (Қазақстан) карточкаларына ақша аудару мүмкіндігі – бұл біздің карточка иелерін ыңғайлы сервиспен қамтамасыз ету үшін бір қадам. Ал банкомат арқылы SMS-ақпараттандыруға қосыла отырып, сіз өз картаңыз бойынша айлакерлік операция тәуекелдерін төмендетесіз, өйткені әрқашан ақшаның қозғалысы туралы біліп отырасыз. Болашақта біз кез келген басқа банктерінің карточкаларына ақша аударуға дайын боламыз».

Бүгінгі күні қазақстандық еншілес Банк ВТБ елдің 17 қаласында 54 банкомат желілеріне ие. Банктің бөлімшесіне келмей, банкомат арқылы ұялы байланыс, коммуналдық төлемдер, кабельдік теледидар және Интернетке-қосылу қызметтерін төлеуге мүмкіндік бар; Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карточкаларының иелеріне өздігінен ПИН-кодты ыңғайлы сандарға ауыстыру қызметі қол жетімді. Бұдан басқа, клиенттерге қолма-қол ақшаны алу кезінде комиссиядағы көп емес айырмашылықпен банкомат желілерін және осы банктің бөлімшелерін пайдалануға рұқсат беретін Банкпен «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ арасында хостаралық қосылу бар.