2014ж. I тоқсан қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) ақша аударымының көлемі 70% көбейді

06.06.2014 2014ж. I тоқсан қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) ақша аударымының көлемі 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 70% немесе 1,7 есеге көбейді.

Банк мамандары аударылған аударымдарының басым үлесі
ресей рубілінде жүзеге асырылғанын айтады, басымды бағыттағы ТОП-3 Ресей, Өзбекстан және Украина кіреді.

Есеп беру кезеңде 14 млн. АҚШ доллар сомаға аударылған аударымдарының саны 11 000 құрады (барлығы, аударымдарды теңгеде, ресей рубілінде және еурода қоса алғанда). 8 млн. АҚШ доллар сомаға төленген аударымдар саны 6 000 асты.

Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының орынбасары: «Үнемі жұмыс тиімділігін көтеріп, және ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейте отырып, біз ақша аударымдарының халықаралық жүйелерімен қызмет істеп келеміз. Артықшылыққа сәйкес, біздің клиенттер мысалы география және ақша аударымының өту жылдамдығы бойынша сол немесе басқа жүйені таңдайды. 2014 жылдың I тоқсанындағы аударымдар «Золотая Корона» жүйесі арқылы ең танымал болды, оның ішінен жалпы санынан 37% алынған және 47% жіберілген».

Бүгінгі күні Банк ақшалай қаражат аударымын «Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ филиал ішіндегі желі бойынша жылдам ақша аударымдары», сонымен қатар «Western Union», «Contact», «Золотая Корона» және «Юнистрим» жүйелері арқылы жүзеге асырады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).