Банк ВТБ (Қазақстан) 2013 жылғы қорытындылармен және 2017 жылға дейінгі даму жоспарымен таныстыру рәсімін өткізу арқылы баспасөз-конференциясын өткізді

04.06.2014

04 маусымда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ 2013 жылғы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді және 2017 жылға дейін даму жоспарларын тарту етті.

Баспасөз конференциясына:

     • Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы;
     • Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі;
     • Ольга Емельянова, Корпоративтік бизнесті дамыту департаментінің директоры қатысты.

2013 жылғы негізгі қаржы және операциялық көрсеткіштері
(2012 жылмен салыстырғанда)


2013 жылғы қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) қызметтің барлық бағыттары бойынша көрсеткіштердің өсуін көрсетті. 2013 жылы Банктің таза табысы 619 млн. теңгені құрады, 2012 жылы 487 млн. теңгелей таза шығынға қарсы.

    • Банктің активтері 49% өсті –143 995 млн. теңгеге дейін;
    • Міндеттемелер 59% көбейді - 126 265 млн. теңгеге дейін;
    • Банктің кредит қоржыны 108 280 млн. теңге көлемінде құрылды, 2013 жылдың басымен салыстырғанда өсім 34% құрады. Теңдестірілген кредит саясаты жоғары жеткілікті деңгейде кредит қоржынының сапасын сақтауға рұқсат береді;
    • Клиенттердің шоттағы және депозиттегі қаржы көлемі өсіп, 31 желтоқсан 2013 жылы 2013 жылдың басымен салыстырғанда 87% көбейіп, 97 155 млн. теңгеге дейін жетті;
    • Таза пайыздық табыс өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 43% көбей іп, 5 810 млн. теңгені құрады;
    • Таза комиссиялық табыс өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 64% көбейіп, 1 651 млн. теңгеге дейін жетті;
    • 2013 жылдың қорытындысы бойынша Банктің таза табысы 2012 жылғы 487 млн. теңгелей таза шығынмен салыстырғанда 619 млн. теңгені құрады. Таза табысты көбейту үшін (оның ішінде кредит қоржынын көбейту) шығындарды оңтайландыру аясында Банктің операциялар көлемінің өсуі әсер етті.

Еншілес Банк ВТБ Қазақстанда ұсынылатын қызметтердің қол жетімділігіне және сапасына назар аудара отырып, негізгі баланс көрсеткіштерінің және операциялық табыстарының тұрақты өсуін көрсетуді жалғастырады.

Өніммен және қаржы қызметтерінің спектрін кеңейту корпоративтік және бөлшек сауда клиенттері үшін ең маңызды болып табылды.

Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы: «2013 жылы Банк ВТБ (Қазақстан) ең үздік нәтижелерін көрсетті – банктің таза табысы 619 млн. теңгені құрады. Корпоративтік кредит қоржынының өсуі 10,2 млрд. теңгені немесе 19% құрады. Бөлшек сауда кредит қоржынының көлемі жылдың басындағы 27,5 млрд. теңгемен салыстырғанда 46,2 млрд. теңгені құрады. Осы көрсеткіштер клиенттердің біздің Банкке деген сенімділіктерінің өскені туралы айтады. Біз мұны бағалаймыз және сервис сапасын үнемі өсіру, ал біздің Банктің клиенттері еуропалық стандарттағы қаржы қызметтерін
алу үшін қолдан келгеннін барлығын жасаймыз».


Банк ВТБ (Қазақстан) бизнестің дамуын қаржыландыратын Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу 2013 жылы Банк бизнестің дамуын қаржыландыратын мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысты. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарлама аясында Банк шағын және орта бизнес компанияларын қоса алғанда 7,9 млрд теңге сомаға 67 жобаларын қаржыландырды. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ауыл шаруашылық саланы қаржыландыру бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын қаржыландыру үшін Банк 3,4 млрд теңге аударды, «Өңірді даму III» мемлекеттік бағдарлама аясында Банк 800 млн теңге сомаға 26 компанияны қаржыландырды.

2014 – 2017 жылдарға арналған Банк ВТБ (Қазақстан) даму стратегиясы

1. Бизнестің мықты корпоративтік және бөлшек сауданың бірдей бағыттарымен әмбебап Банкті салу.
2. Қазақстанның нарығында ресей компанияларына және ТМД елдеріндегі компанияларына, сонымен қатар ТМД елдерінде бизнестің дамуына қызығушылық көрсететін жергілікті клиенттерге қызмет көрсету кезінде жетекші позицияларға жету.
3. 2017 жылы Банк міндеттемелерінің құрылымында жеке тұлғалардың қаражаттарын көбейту.
4. Банктің капиталдандыруын Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын сақтап, және стратегиялық бастамаларға сәйкес жеткілікті деңгейде бизнесті табысты дамыту үшін ВТБ Тобы қолдайды.
5. Корпоративтік бизнес: корпоративтік клиенттермен жұмыс тиімділігін көтеру, өңірлерде қатысу есебінде орта сегментте қоржынды өсіру, комиссиялық өнімдерді дамыту, бизнестің инвестициялық-банктік бағытын дамыту.
6. Бөлшек сауда бизнес: жаңа орындарды ашу есебінде желіні маңызды кеңейту, экспресс-кредиттеу бойынша қашықтықтағы сату орындарына желіні жүргізу және «ВТБ Private banking» дамыту.

Банк ВТБ (Қазақстан) өтімділікті, валютаның мерзімі және түрі бойынша активтер мен пассивтер құрылымының теңдестірілімін жеткілікті деңгейде қолдау, өңірлер, салалар, клиенттер және қаржы салу мөлшері бойынша әртараптандырудың қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін ұмтылады.
Банк ВТБ (Қазақстан) 2014 жылдың I тоқсандағы нәтижелері Банк клиенттерінің қаражатының сақталуын қамтамасыз ете отырып, өз қаржы позицияларының тұрақтылығымен және тиянақтылығын көрсетуді жалғастырады.