Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы С.Н. Гусаровтың Банктің 5 жылдық туған күнімен құттықтау сөзі

22.05.2014 Банк ВТБ (Қазақстан) құрметті әріптестері, достары, қызметкерлері!

Бүгін, 22 мамыр – біздің Банк үшін ерекше мәні бар күн. Осыдан 5 жыл бұрын
еншілес Банк ВТБ Қазақстанда банк қызметін жүргізу үшін ҚР ҚБА Лицензиясын алды.

Сіздерді Банк ВТБ (Қазақстан) 5 жылдық туған күн мерекесімен құттықтаймын!

Біз мақтаныш етеміз – Банкті жаңадан ашып, қысқа мерзім ішінде жоғары нәтижелерге жеттік: елдің 17 қалаларында филиал желілерін аштық, корпоративтік клиенттермен және тұрғындар үшін әмбебап Банктің өнімдерін дайындап, енгіздік, нарықта өз үлесімізді жеңіп алдық, біздің клиенттеріміз бен әріптестеріміздің құрметіне және сенімділігіне ие болдық.

Банк ВТБ (Қазақстан) 2013 жылды табысты көрсеткіштерімен аяқтады: біз өзіміздің депозит қоржынымызды көбейттік, жаңа клиенттерді тарттық, отандық қаржы нарығында өз тауашамызды жеңіп, кеңейттік, сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін іс-шараларға қатыстық.

Дамудың оң динамикасын тұрақты көрсетіп, біз өзімізді бүкіл ел бойынша мың клиенттер ішінен тұрақты және сенімді қаржы әріптес ретінде ұсындық. Күмәнсіз, клиенттің сенімділігі – біздің кәсіби командамыздың ең бағалы жетістігі.

Біздің алғашқы жоспарымыз орасан зор, және біздің алға, ең үздік нәтижелерге деген ортақ ұмтылысымыз оларды іске асыруға көмек береді.

Мен шын ниетпен Сіздерді біздің ортақ мереке, Банктің Туған күнімен құттықтаймын!

Халықаралық ВТБ Тобының өркендеуінде жаңа жеңістер, табыс және сарқылмас жігерлілікті тілеймін!

Құрметпен,
Банк ВТБ (Қазақстан)
АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы                                                                                                                  Сергей Гусаров