Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларының ақша салым мөлшері 2014 ж. I тоқсанда 28,4%көбейді

27.05.2014 2014 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) депозит қоржынының құрылымында жеке тұлғалардың ақша салымының мөлшері 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,4% көбейді.

Есеп беру кезеңде ақша салымды орналастырудың орташа мерзімі 36,5 айды құрайтыны Банк мамандарына белгілі. Банк клиенттерінің арасында ең тартымды және талап етілген депозит ұсыныстарының бірі – «Жинақтаушы» салым болып табылады.

Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы орынбасарының м.а. – Басқарма мүшесі: «Біріншіден, депозит базасының өсуі жоғарғы пайыздық ставкамен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, теңгелік және валюталық депозиттерінің пайыздық ставкаларының шегерме ақысы ақша салымның өсуін ынталандырады, яғни ұлттық валютада. I тоқсанда шетел валютада ақша салым үлесі жеке тұлғалардың жалпы депозиттік қоржынында 23,7% аспай құрады».

Банк ВТБ (Қазақстан) салымшыларға «Жинақ», «Жинақтаушы», «Тұрақты», «Қолы ашық ВТБ» және «VIP салым» депозиттік бағдарламалар бойынша барынша жеке жинақтарын орналастырудың ең тиімді және қолайлы тәсілдерін ұсынады. Қажеттілікке байланысты клиент ұлттық немесе шетел валютада ақша салымын жасауы, салым мерзімімен және пайыз төлеудің мерзімділігін таңдауы мүмкін.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).