Банк ВТБ (Қазақстан) Алматыда жаңа бөлімше ашты

22.05.2014 20 мамырда Банк ВТБ (Қазақстан) Алматы филиалының Тимирязев к-сі, 85 үй мекен-жайы бойынша № 3 қосымша жайының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Банктің жаңа офисінде Банктің жеке тұлғаларға арналған қызметтерінің спектрі мен өнімдері ұсынылды: салымдар
бойынша пайдалы ұсыныстар, банктік карталарды шығару және қызмет көрсету, валютамен операциялар, ақшалай аударымдар, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, кредиттеу.

Бахтияр Абдраимов, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Алматы филиалының директоры: «Бұл бөлімше Банктің қабылданған Бөлшек желісін дамыту стратегиясының алғашқы ісі болды, ол қаланың адамдар көп жүретін қызыған бөлігінде орналасқан. Біз жайлы сервисті қамтамасыз ету үшін, клиенттерге жақын болуға тырысамыз».

Жоғарыда хабарланғандай, 2014 жылғы сәуірде Банк ВТБ (Қазақстан) Бөлшек желісін дамытудың 2017 жылға дейінгі стратегиясы бекітілді. Осы стратегияны іске асыруға бөлшек өнімдік желіні кеңейту, максималды тартымды талаптарды ұсыну, сондай-ақ клиенттердің әртүрлі санаттарына сегменттелген тәсіл кіреді. Орта мерзімді келешекте бизнестің ауқымдарын серпінді кеңейту, клиенттермен өзара қатынастарды қарқынды дамыту, сондай-ақ жаңа бөлімшелерді ашу күтілуде – 2014 жылы ғана стандартты форматты, солай және POS-кредиттеудің 20 қатысу орнын қосу жоспарланып отыр.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.
ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).