Банк ВТБ (Қазақстан) 3-D Secure қауіпсіз онлайн-операцияларының технологиясын енгізді

16.05.2014 Банк ВТБ (Қазақстан) Visa - 3-D Secure карточка ұстаушылары – клиенттері үшін Интернетте сатып алуларды және қызметтерді төлеуге жаңа технологияны енгізді, бұл клиенттерді банк карточкаларымен бірге онлайн-операцияларына қауіпсіздіктің жаңа деңгейімен қамтамасыз етеді.

3-D Secure қызметін қосқан Банк клиенттері Интернетте операцияны жүргізу кезінде әр транзакцияны бірегей құпия сөзбен растау мүмкіндігін алады. Карточка деректемелерін енгізгеннен кейін, Банк ВТБ (Қазақстан) тіркелген сатып алушының ұялы телефон нөміріне sms-хабарлама түрінде келетін бір жолғы құпия сөзді енгізу үшін ол қайтадан арнайы бетке жібереледі. Клиент енгізген құпия сөзді тексергеннен кейін, Банк онлайн-дүкенге операцияны жүргізуге рұқсат береді. Осы құпия сөз онлайн-операцияларды жүргізу кезінде тікелей жіберіледі және расталғаннан кейін бір рет пайдалануы мүмкін.

Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасы орынбасарының м.а. – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «Интернетте банк карточкаларымен жұмыс істеу кезінде, ешқандай құпиялылық деректер үшінші тұлғаларға танымал болмауы өте маңызды. Қолданыстағы қорғау жүйелеріне қосымша ретінде Банк ВТБ (Қазақстан) 3-D Secure технологиясын енгізді. Бұл қызмет Банк карточкаларымен жұмыс істеу кезінде клиенттердің мүмкіндігін кеңейтеді және бір уақытта айлакерлік операцияларының және төлем карточкасын заңсыз пайдалану тәуекелін жояды. «Карточкалық операциялары бойынша SMS-хабарламалар» қызметін қосуға Банктің кез келген бөлімшесінде өтінішті толтырған барлық клиенттер сервисті пайдалануы мүмкін.

3-D Secure технологиясы «Карточкалық операциялары бойынша SMS-хабарламаларды» қосумен байланысты бір мезгілде жеделдетеді (немесе SMS-хабарлау үшін пайдаланатын телефон нөмірін өзгерту кезеңінен бастап). 3-D Secure технологиясы қызметке қосылған қолданыстағы клиенттер үшін автоматты түрінде активтенеді.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.
ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).