Банк ВТБ (Қазақстан) 2013 жылғы қаржы нәтижелерін хабарлайды

14.05.2014 Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ 2013 жылғы нәтижелері бойынша қаржы есептемесін жариялайды:

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі қаржы және операциялық көрсеткіштер:

   •  Банктің активтері 49% өсті – 143 995 млн. теңгеге дейін;

   •  Міндеттемелер 59% көбейді - 126 265 млн. теңгеге дейін;
  
   •  Банктің кредит қоржыны қорды ескере отырып, 34% көбейіп 108 280 млн. теңгені құрады. Теңдестірілген кредит саясаты кредит қоржынының сапасын жоғары деңгейде сақтайды;

   •  Клиенттердің депозиттеге және шоттағы қаржы көлемі өсті және 2013 жылдың 31 желтоқсанында 2013 жылдың басымен салыстырғанда 87% көбейіп, 97 155 млн. теңгеге дейін жетті;  

   •  Таза пайыздық табыс өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 43% көбейіп, 5 810 млн. теңгені құрады;

   •  Таза комиссиялық табыс өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 64% көбейіп, 1 651 млн. теңгеге дейін жетті;

   •  2013 жылдың қорытындысы бойынша Банктің таза пайдасы 2012 жылы 487 млн. теңге таза шығынмен салыстырғанда 619 млн. теңгені құрады. Таза пайданың көбейгеніне шығынды оңтайландырумен қатар банктің операция көлемінің өсуі әсер етті (оның ішінде кредит қоржынының өсуі).

Қазақстанда Банк ВТБ ұсынылатын қызметтердің қол жетімділігіне және сапасына маңызды назар аудара отырып, негізгі баланстық көрсеткіштер мен операциялық табыстардың тұрақты өсуін көрсетеді. Корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне арналған өнім мен қаржы қызметтерінің спектрін кеңейту маңызы зор екендігі белгілі.

«2013 жылы Банк ВТБ (Қазақстан) ең үздік нәтижелерді көрсетті – банктің таза табысы 619 млн. теңгені құрады. Корпоративтік кредит қоржыны 19% өсіп, 65,2 млрд. теңгеге дейін жетті. Бөлшек сауда кредит қоржынының көлемі 2013 жылдың басындағы 27,5 млрд. теңгемен салыстырғанда 46,2 млрд. теңгені құрады. Осы көрсеткіштер клиенттердің банкке деген сенімділіктерінің өсуін айтады. Бұдан әрі біз сервис сапасын көтеру, сонымен қатар жаңа банк қызметтерін енгізу үшін күштерімізді жинаймыз», - деп Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы Сергей Гусаров айтты.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).