Алматыда Жеңіс күніне салтанатты қабылдау өтті

08.05.2014 8 мамырда Rixos Almaty Hotel Ұлы Жеңіс 69 - жылдығына Банк ВТБ (Қазақстан) қолдауымен Алматыдағы РФ Бас консулдығымен ұйымдастырылған жыл сайынғы салтанатты қабылдау өтті.

Шараға Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулы Алексей Демин, Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасының
орынбасары Ирина Туралиева, Алматыдағы ҚР СІМ Өкілінің орынбасары Рымтай Карибжанов, Қазақстандағы Беларусь елшілігі бөлімшесінің басшысы Александр Русецкий, Қазақстандағы Православие Шіркеуінің істерін басқаратын епископ Каскеленский Геннадий, сонымен қатар әскери-отан сүйгіштік қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Шараны Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулы Алексей Демин ашты. Құттықтау сөзінде Тұған елін қорғаған жауынгерлердің батырлығын, және адамгершілік қасиетін және абыройын бейнелейтін оқиғаларды есте сақтау қажет екендігін айтты.

Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы: «Құрметті ардагерлер, әр сәтте Сіздермен кездесу мүмкіндігі туындаған кезде мен қатты толғанамын. Баға жетпес батырлықтарыңыз, азат елде өмір сүру, бала туу, күнді көріп,
және оған қуану мүмкіндігін бергендеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Шын жүректен денсаулық тілеймін – сіздер бізге
керексіздер, өйткені даналыққа, отан сүйгіштікке және азаматтық борышты өтеуге үйретесіздер. Сіздерге тағзым етеміз».


Шара аясында ардагерлерге мемлекеттік жауынгерлік марапаттар табыс етілді. Қатысқан қонақтар үшін мерекелік концерт өтті: би билеп, соғыс жылдардағы белгілі әндер орындалды. Әрбір ардагер Банктің атынан мерекелік сыйлық алды.