2014 ж. I тоқсанында Банк ВТБ (Қазақстан) шағын бизнеске кредит беру бойынша қоржыны 79% көбейді

30.04.2014 2014 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) шағын бизнеске кредит беру бойынша қоржыны 79% көбейді және 21,8 млрд. теңгені құрады. Банк мамандары бірінші кезекте көрсеткіштің өсуі кредит өнімдерінің икемді шарттарымен, сонымен қатар кредит өнімдерін қысқа мерзімде қарастырумен байланысты екенін белгілейді.

2011 жылдан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) шағын бизнес субъектілерін қаржыландыратын мемлекеттік бағдарламаға қатысады. Мемлекеттік бағдарлама шегінде Банк елдің басымды экономика саласында өз қызметін жүзеге асыратын компанияларды қаржыландырады: транспорт, өндіріс,
денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер және т.б.

Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасы орынбасарының м.а. – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «2014 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарлама шегінде Банк 2 млрд. теңге сомадан асатын 64 жобаны қаржыландырды. Өңірлік басымдылықты ескере отырып, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Даму өңірлер III» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шегінде, Банк 800 млн.теңге сомадан асатын 26 компанияны қаржыландырды». Банк «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының әйелдер кәсіпкерлігін шағын кредиттеу бағдарламасына қатысады – бүгінгі күні 140 млн. теңге сомаға 12 клиент қаржыландырылды.

Әйелдер басшылығына және әйелдер санына қарай кәсіпкер-әйелдерді немесе заңды тұлғаларды қаржыландыру осы Бағдарламаның ерекшелігі болып табылады – қызметкерлердің жалпы санынан 30% кем емес.

Бүгінгі күні шағын бизнес сегментіне жататын 720 ұйым Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттері болып табылады. Банк мамандары есеп беру кезеңде шағын бизнес өкілдері арасында «Шағын кредит» өнімі ең танымал болғандығын белгілейді – оны 55% Банк клиенттері пайдаланды.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).
ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.