2014 жылдың I тоқсанында Банк ВТБ (Қазақстан) сауда эквайринг бойынша транзакция көлемі 332% көбейді

25.04.2014 2014 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) эквайринг желісіндегі тауар және қызметтерді төлеу бойынша айналым 2013 жылдың IV тоқсан көрсеткішімен салыстырғанда 332% көбейді, транзакция саны 117% өсті.

Кәсіпорындармен ынтымақтасуды кеңейту есебінен көлемді көрсеткіштердің негізгі өсуі байқалды, оның
ішінде супермаркеттер, жанармай құятын станциялар, дәріханалар, киім дүкендері, қонақ үй кешендері,мейрамханалар және басқа да ұйымдар Visa Int халықаралық төлем жүйесінің банк карточкаларын төлеуге қабылдайды.

Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасы орынбасарының м.а. – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «Заңнамаға сәйкес, осы жылдың 1 шілдесінен бастап сауданы жүзеге асыратын барлық және сервисті ұсынатын орындарда төлем карточкалары бойынша төлемдерді қабылдау үшін POS-терминалдар орнатылуы тиіс. Бүгінгі күні Банк ВТБ (Қазақстан) терминалдарды орнату үшін көптеген өтінімдерді қанағаттандырады. Есеп беру кезеңінде кәсіпкерлерге арналған POS-терминалдар паркі 145% көбейді. Банктің төлем карточкаларын пайдаланып, транзакцияның саны және көлемі бойынша ең көп үлесі Павлодар, Қостанай және Алматы қалаларына келеді».

Карталар бойынша сату айналымның орта есеппен алғанда ай сайынғы өсуі 81% құрайды, өткізілген транзакцияның өсімі – 41,5%. Қауіпсіздіктің жоғары деңгейінде кепілдік беретін жаңа қуатты технологияларының бар болуы операциялардың өту жылдамдығын және Банк әріптестеріне қызмет көрсету кезінде сапалы сервисті қамтамасыз етеді.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).
ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.