Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карточкалары бойынша ақшасыз төлем көлемі 61% көбейді

18.04.2014 2014 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карточкалары бойынша ақшасыз төлем көлемі 61% көбейді.

Банктің мамандары есеп беру кезеңде Қазақстанның аумағында жүзеге асырылған ақшасыз төлем көлемі 46%, елдің шегінде - 21%көбейгенін белгілейді. Айналымдағы көбейген карталар санының динамикасы 57% құрады, қолданыстағы карталар саны 2013 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 66% көбейді.

Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасы орынбасарының м.а.– Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «Банк карточкаларының иелері оларды күнделікті және мерзімді төлемдерде пайдаланады. Осы оңды тренд, ақшасыз есеп айырысулардың өсу танымдылығы туралы куәландыратын, бізді бұдан әрі төлем инфрақұрылымның дамуына қаражат жұмсау үшін жағдай жасайды. Банктің стратегиясына сәйкес, 2014 жылы біз Банк ВТБ (Қазақстан) қолданыстағы дистанциялық-банктік қызмет көрсету жүйесіне, қызмет спектрларын кеңейтуге, сонымен қатар банкоматтарды көбейтуге, және жаңа төлем технологияларын енгізуге бар күшімізді саламыз.».

Банк ВТБ (Қазақстан) Visa International халықаралық жүйесінің төлем карточкаларын ұсынады. Банктің төлем карточка иелерінің келген елге байланысты емес бірыңғай тиімді тариф бойынша ВТБ және ВТБ24 11 мыңнан аса банкоматтарында (Ресей, Украина, Беларусь, Армения, Әзірбайжан және Грузия) қолма-қол ақша қаражатын алуға рұқсат беретін «Домашний» тарифіне қосылуға мүмкіндіктері бар.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Б
анк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).