Клиенттерге арналған ақпарат: Банк ВТБ (Қазақстан) қауіпсіз онлайн-операциялар 3-D Secure технологиясын енгізді

10.04.2014 Клиенттерге қамқорлық жасай отырып, Банк ВТБ (Қазақстан) банктің төлем карточкаларын пайдалану кезінде қауіпсіздікті көтеру бойынша барынша күштерін салады.

Verified by Visa ғалами бағдарламасының бөлігі болып табылатын, Банктің Visa халықаралық жүйесінің барлық төлем карточкаларын 3-D Secure технологиясына қосу, қорғалған тәртіпте онлайн-операцияларды (тауар, қызметтерді төлеу) жасауға рұқсат береді.

Онлайн-операцияларды жасау кезінде Клиентке құпия сөзді енгізуге ұсыныс беріледі. Құпия сөз бір рет қана пайдаланады (бір операция үшін қолданылады) және Клиенттің ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы жіберіледі. Құпия сөзді сәтті енгізгеннен кейін операция мақұлданады.

3-D Secure технологиясы қалай жұмыс істейді

1. Verified by Visa* бағдарламасына қатысқандар интернет-дүкенінде төлеу кезінде, Клиент келесі деректерді енгізеді:
      • карточка нөмірін;
      • оның қолданылу мерзімін;
      • латын транслитерациясында тегін және атын (карточканың оң жағында белгіленгендей);
      • CVV2 коды (карточканың екінші жағында «Қол қою үлгісі» жолында көрсетілген).

2. Қажетті ақпаратты енгізгеннен кейін Клиент Банктің сайтына қайта жіберіледі, карточка бойынша жүргізілетін операциялардың бөлшектері бар арнайы үлгіде төлемді растау үшін құпия сөз бір рет қана енгізілуі тиіс. Бұл құпия сөз 4 саннан тұрады және ұялы телефонға SMS-хабарлама арқылы келеді. Хабарламада құпия сөздің қолдану мерзімі және жүйеде құпия сөзді активтеу уақыты көрсетілген.

3. Құпия сөз SMS-хабарламаны алған кезеңнен бастап 5 минут ішінде және оны жүргізу кезінде құрылған карточка бойынша сол транзакцияны растау үшін пайдалануы мүмкін.

4. Ұялы телефонға бір жолғы құпия сөзді алғаннан кейін, Клиент сайттағы операцияларды тексеру және тиісті жерге құпия сөзді енгізу қажет.

5. Егер құпия сөз дұрыс енгізілсе, онда Клиенттің сәйкестендіруі сәтті өтті (операция карточка ұстаушымен жеке жасалуы тиіс) деп есептеледі және ол интернет-дүкен сайтына қайтып келеді.

6. Интернет-дүкен сайтында операцияларды авторландыру оң нәтижесі бойынша карточканы пайдаланып, сатып алуларды төлеу сәтті өтті деп көрсетілуі тиіс.

7. Егер Клиент бір жолғы құпия сөзді дұрыс енгізбесе, онда тиісті ақпараттық хабарлама шығады, және оған жаңа құпия сөзбен SMS-хабарлама жіберіледі.

8. Динамикалық құпия сөзді тәулігіне 5 (бес) рет дұрыс енгізбеуге болады.

3-D Secure технологиясына қосылу
Клиент «карточкалық операциялары бойынша SMS-хабарлама» қызметіне қосылу үшін Банк ВТБ (Қазақстан) кез келген Бөлімшелерінде өтінішті толтыруы тиіс**. Осы қызметті бұрын қосқан Клиенттер – қосымша өтініштерді толтыруды талап етпейді, өйткені «Verified by Visa» қызметі карточкалардың барлық түрлеріне автоматты түрінде рұқсат береді.

Егер Клиент «карточкалық операциялары бойынша SMS-хабарлама» қызметін қоспаса, Verified by Visa қызметіне оның карточкасы бойынша рұқсат берілмейді, сонымен қатар бір жолғы құпия сөзді енгізбей Интернет желісінде карточка бойынша операцияларды жасауға мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда, төлемдердің қауіпсіздігі төмендейтіне назар аударыңыз!

* Verified by Visa логотипі интернет-дүкен сайтында болуы тиіс
** «SMS- хабарлама» қызметінің құны - Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес