I тоқсанның қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) өз банкомат желісін 61% көбейтті

11.04.2014 2014 жылы Банк ВТБ (Қазақстан) банкомат желілерін көбейту тенденциясын жалғастырды. 01.04.2014ж. жағдайы бойынша Банктің банкоматтар саны 2013 ж. ұқсас кезеңімен салыстырғанда 61% өсті. Банкомат желілерін кеңейту Банк клиенттерінің карталарын пайдалану ыңғайлылығын, сонымен қатар жабу аймағын кеңейту есебінен бәсекелестік қабілеттілігін көтереді.

Мамандар, Банкоматтардың ең көптеген саны Алматы және Астана қалаларында орналасқанын айтады. Банк ВТБ (Қазақстан) карточка өнімдер иелерінің бүгінгі күні 11 мыңнан аса банкоматтардан тұратын ВТБ тобының Халықаралық бірыңғай банкомат желілеріне рұқсаттары бар.

Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасы орынбасарының м.а. – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «Географиялық және сан жағынан банкомат желілерін көбейту біз үшін 2014 ж. ең басымды міндеттері болып табылады. Бұдан басқа, біздің Банктің карточка иелері үшін сапалы сервисті және қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмыстар жүргіземіз. Сонымен қатар, жылдың басында банкоматтарды іздеу бойынша тегін мобильді
қосымшаларды іске қостық, бұл ВТБ тобының Бірыңғай банкомат желілеріне таратылады».

Банк ВТБ (Қазақстан) шоттарды теңге, ресей рубілінде, АҚШ долларында немесе еурода жүргізу мүмкіндіктерімен Visa International халықаралық жүйесінің төлем карточкаларын ұсынады. Банк ВТБ (Қазақстан) банкоматтары төлемдерді жүргізуге және ұялы байланыс, коммуналдық төлемдер, кабель теледидарлар және Интернетке қосылу қызметтерін төлеуге рұқсат береді, Банктің төлем карточкаларының иелері өздігінен ПИН-кодты ең ыңғайлы сандарға ауыстыру мүмкіндіктері бар. Бұдан басқа, Банктің «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ хостаралық қосылуы бар, бұл клиенттерге қолма-қол ақшаны алу кезінде комиссиядағы көп емес айырмашылығымен осы банктің бөлімшелерін және банкомат желілерін пайдалануға рұқсат береді.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%)
ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.