Банк ВТБ (Қазақстан) Көкшетау сүт зауытын қаржыландырады

09.04.2014 Банк ВТБ (Қазақстан) кредиттік желі аясында Ақмола
облысындағы ең ірі компанияларының бірі – «Молоко Синегорья» «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС 339,8 млн.теңге сомаға кезекті траншты көрсетті. Қаражат инвестицияны жүзеге асыруға және айналым қаражатты толтыруға жіберілді.

Марлен Мухамеджанов, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Филиалының директоры Көкшетау қ.: «Банк ВТБ (Қазақстан) елдің өңірлерінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді белсенді қаржыландырады. «А.П.Милланд» ЖШС (бұрын – «Агропродукт Азия» ЖШС) компания тобына кіретін «Молоко Синегорья» «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС 2013 жылдан бастап қаржыландыруды жүзеге асырады. Кредиттік желі 3 жыл мерзімге 3 млрд. теңге мөлшерінде ашылды.».

«Молоко Синегорья» «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС өнімді 20-30% дейін Ресей Федерациясына шығару үлесін көбейтуді жоспарлап отыр. Компания қышқыл сүт (айран, кейін йогурт) өнімдерін өндіруді, сонымен қатар пэт-бөтелкелерге сүтті құю бойынша шешімді іске асыру арқылы ұсынылған өнімнің түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Банк ВТБ (Қазақстан) болашақта компанияның даму жолдарын және ынтымақтастықтың барлық көріністерін бағалай отырып, әрбір қарыз алушының бабын тауып, қаржыландырудың қолайлы кестесін ұсынады. Банктің мамандары компанияның қажеттілігін талдайды және Қазақстан Республикасының шегінен тысқары өз бизнестерін жүргізетін компаниялары үшін – құжаттамалық операцияларды және сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үшін ең тиімді кестелерін ұсынады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі. ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).

«А.П.Милланд» ЖШС – сапалы және қымбат емес сүт өнімдерін өндіруді ұйымдастыру мақсатында қаңтардың 1996 жылы құрылды. Компания алғашқы рет тәтті ақ ірімшікті өндірген, бүгінгі күні компания Қазақстанның барлық өңірлерінде ең танымал, тәтті ақ ірімшікті өндіретін жалғыз отандық өндіруші болып табылады.