Жаңа жедел депозит - «Жомарт ВТБ»

03.04.2014 Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларға арналған жаңа салымның іске қосылуы туралы хабарлайды – «Жомарт ВТБ».

Салымшыларға жүргізілген талдауының қорытындысы бойынша ұлттық валютадағы депозиттер әрқашанда қаражатты орналастыратын ең тиімді құралдары болып есептелген, бірақ соңғы қаржы жағдайлар салымшылардың жартысын валютадағы салымдарын саралауға немесе уақытша оларды жабуға мәжбүр етті. Сонымен қатар, клиенттердің ағымдағы қажеттіліктері – бұл қысқа мерзімге тиімді шарттар. Депозит «Жомарт ВТБ» клиенттердің ұсынысын қанағаттандыру үшін
арнайы дайындалған.

Осы депозит бір және үш ай мерзімге салым сомасын толтыру және жартылай алу мүмкіндіксіз 15 мың теңгеден ақша қаражатын орналастыруды қарастырады. Бір айға орналастырылған депозит бойынша табыстылық – 9,4%, үш айға – 10,5% құрайды (жылдық тиімді ставка %). Пайыздар әр айдың соңғы жұмыс күні клиенттің жинақ шотына есептеледі.

Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының бөлшек сауда бизнесін дамыту жөніндегі кеңесшісі: «ВТБ халықаралық қаржы тобының бөлігі бола отырып, біз ғалами білімдерімізді және біздің клиенттеріміздің жинақ ақшаларын көбейту және сақтау үшін тәжірибелерімізді пайдаланамыз. «Жомарт ВТБ» өнімдік шешім топтың ең үздік тәжірибе негізінде құрылған және қазақстандық нарық қажеттілігіне бейімделген. Біріншіден, бос ақша қаражатын уақытша ең жоғарғы тиімділікпен пайдаланатын, клиенттердің қызығушылығын танытатын депозит болатынына сенеміз.».

Сыйақыны қысқа мерзімде орналастыру кезінде, оның ең жоғарғы ставкасы «Жомарт ВТБ» өнімнің негізгі артықшылығы болып табылады. Депозит тұрақтылыққа, қысқа мерзім ішінде валюта бағамының ауытқуына азырақ тап болатынына кепілдік береді: қысқа аралық уақытта форс-мажор және жағымсыз экономикалық өзгерістер туындалуы мүмкін екені ықтимал.

Банк ВТБ (Қазақстан) барлық салымдары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).