Банк ВТБ (Қазақстан) өнімдеріне қызығушылық танытқан жеке тұлғалар мен шағын бизнес кәсіпкерлер санының өсуін белгілейді

20.03.2014 Ағымдағы жылдың 1-тоқсанындағы сатылымның өсу серпіні, барлық Қазақстан бойынша Банктің бөлімшелерінде көптеген клиенттердің ағыны қазақстандық еншілес Банк ВТБ қаржылық ұсыныстарына қызығушылығы артқаны туралы хабарлайды.

Соның ішінде, жеке тұлғалар-клиенттердің қызығушылығы кредиттеу («Қолма-қол кредит», «Автокредит» және «Кепілдік тұтынушылық кредит») және жедел салымдар («Жинақтаушы», «Тұрақты», «Жинақ») қызметіне өсті. Кәсіпкерлер арасында шағын бизнесті кредиттеу және овердрафт бағдарламалары
қызығушылық танытады.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының бөлшек сауда бизнесін дамыту жөніндегі кеңесшісі Дмитрий Яковлев: «Банк қызметіне қызығушылықтың қарқынды өсуі, бұл алдыменен өз өнімдеріміздің көбейгеніне және қазақстандықтардың Банкке артқан сенімділігіне байланысты. Ең үздік деңгейдегі Банк ВТБ тұрақты қаржылық жағдайы және өтімділігі біздің клиенттеріміз үшін көптеген жаңа пайдалы өнімдерді ұсынады».

Дмитрия Яковлевтің айтылған сөзі бойынша, Бөлшек сауда бизнесін дамыту стратегиясын іске асыру аясында 2014 жылғы сәуірдің басында шағын бизнес өкілдеріне арналған «Коммерсант» - жаңа кредит өнімін ҚР 4 қаласында іске қосуды жоспарлап отыр.

Д.Яковлев өз сөзінде: «Біз кәсіпкерлерге кредит беру рәсімін жеңілдетуге тырысамыз. «Коммерсант» кредитінің мәні, Банк оған, сондай-ақ жеке тұлғаларға тұтынушылық мақсаттарға арналған қысқа мерзімде клиенттер үшін тиімді шартта кредит беруі мүмкін. Бұл кредит Банктің танымал өнімдерінің санына кіретініне сенеміз, өйткені қазақстан нарығында бұған ұқсайтын өнім жоқ».

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).