Банк ВТБ (Қазақстан) бөлшек сауда қоржынында салондардан автоны сатып алу кредит үлесі 26% құрады

28.03.2014 01.03.2014 жылғы жағдайы бойынша Банктің серіктестігі - автосалондарда сатып алынған автокөліктердің кредит үлесі, Банк ВТБ (Қазақстан) бөлшек сауда кредит қоржынында 26% құрады.

Банктің мамандары есеп беру кезеңінде клиенттер арасында Қазақстанда сатып алынған автокөліктер, сонымен қатар шетел автокөліктері баға сегментінде 4,5 млн. теңгеге дейін ең танымал болғандығын белгілейді. Автокредиттің орташа сомасы 1,9 млн.теңгені құрады.

Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының бөлшек сауда бизнесін дамыту жөніндегі кеңесшісі: «Банкте автокредиттің екі бағдарламасы бар: «Жеке тұлғаларға автокредит (автосалондар және екінші деңгейдегі нарық) және Банктің серіктестігі - КМК «Астана Моторстан» арнайы бағдарлама. 2014 жылы Банктің клиенттері және серіктестері үшін өзара тиімді шарттарды ұсына отырып, автосалондармен ынтымақтастық шеңберін кеңейтуді жоспарлап отырмыз».

Банк ВТБ (Қазақстан) автокөліктерді сатып алу үшін кредиттерді теңгеде, АҚШ долларында және ресей рубілінде ұсынады. Қарыздың ең төмен сомасы – 450 мың теңгені, ең жоғарғы – 15 млн.теңгені құрайды. Автокредитті алу үшін Банктің сайтында алдын ала өтінімді толтыруға мүмкіндік бар.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).