Банк ВТБ (Қазақстан) ипотекалық кредитінің қоржыны 12,4% көбейді

19.03.2014 2013 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда, 01.03.2014 жылы Банк ВТБ (Қазақстан) ипотекалық кредитінің қоржыны 12,4% көбейді.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша ТОП-5 танымал қалаларының ішіне:
Астана – 19%, Қостанай – 11%, Алматы – 9%,
Семей – 8% және Павлодар – 6% кірді, сонымен қатар Банктің мамандары жылжымайтын мүлік нарықтың екінші деңгейінде сатып алынатынын белгілейді.

Дмитрий Яковлев Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының бөлшек сауда бизнесін дамыту жөніндегі кеңесшісі: «Біздің Банк ипотекалық кредиттеудің бағытын белсенді дамытады. Біз 120 млн.теңгеге дейін теңгеде, сондай-ақ АҚШ долларында тұрғын үй қарызын ұсынамыз. 2013 жылмен салыстырғанда, Банктің ипотекалық кредит қоржының өсу серпіні, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және біз ұсынатын пайдалы және ыңғайлы шарттар қазақстандықтардың қызығушылығын артады».

2014 жылдың ақпанында Банк тұрғындар үшін «Арнайы ипотека» кредитін іске қосты, бұл Банктің қамтамасыз етілген кепілзаты болып табылатын және сатуға ұсынылған жылжымайтын мүлікті сатып алуды қарастырады. Осы өнімнің ерекшелігі: ең төмен бастапқы жарна, сыйақының төмен ставкасы, кредитті ұйымдастырғаны үшін комиссия жоқ, айыппұл санкцияларысыз мерзімінен бұрын өтеу, өтеудің ыңғайлы тәртібін таңдау мүмкіндігі.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).