Банк ВТБ (Қазақстан) және Visa карточка ұстаушылардың арасында футбол бойынша FIFA 2014 Әлем чемпионатына сапар ұтысын ойнатады

14.03.2014 Банк ВТБ (Қазақстан) Visa төлем карточкасы ұстаушыларына – «Visa картасымен төле де – Бразилияға ұш!» атты акцияның шеңберінде Бразилияда өтетін FIFA 2014 Әлем чемпионатына сапар ұтып алуға ерекше мүмкіндік сыйлайды.

Акцияға қатысу үшін Қазақстанда немесе тыс жерде кез келген сауда-сервис желісінде немесе Интернет желісінде Visa төлем карточкасы арқылы кез келген сомаға бір немесе бірнеше транзакция жүргізу қажет және де акцияның әрекет ету мерзімі ішінде,
яғни - 2014 жылдың 10 наурызынан 30 сәуірінің соңына дейін www.visa.com.kz  сайтында тіркеуден өту қажет.

Акцияның қорытындысы бойынша Visa картасымен жүргізілген транзакцияларды кездейсоқ тандау әдісі арқылы екі адамға футбол бойынша 2014 жылғы Әлем чемпионатына сапар шегуге мүмкіндік беретін сертификаттардың үш жеңімпазы анықталады.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасының бөлшек сауда бизнесі жөніндегі кеңесшісі Дмитрий Яковлев: «Осыған ұқсас, Visa карточкасы ұстаушыларына арнайы әзірленген жергілікті бағдарламалар төлем карточкасы ұстаушыларының қызығушылығын арттыра отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға қолайлы жағдай тудырады. Жалпы атап айтсақ, инфрақұрылымның кеңеюі, банкілердің тарабынан ұсыныстардың көбеюі, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығының арттыруы келешекте қолма-қол ақшасыз төлемдер айналымының өсуін және Қазақстандағы төлем карточкалар қоржынының серпінді өсуін болжамдауға мүмкіндік береді».

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның төлем карточкалары - қолма-қол ақша қаражатын алумен қоса, сатып алынған заттарға және көрсетілген қызметтерге ыңғайлы және тиімді жолмен қолма-қол ақшасыз төлем жасауға мүмкіндік беретін әмбебап қаржы құралы болып табылады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).