Банк ВТБ (Қазақстан) және Visa бірлескен Акцияны іске қосу туралы хабарлайды

12.03.2014 Банк ВТБ (Қазақстан) Visa компаниясымен бірлесіп Банк ВТБ (Қазақстан) сыйлық карточка - Visa Gold, Visa Platinum немесе
Visa Infinite ұстаушыларына арналған жаңа маркетингтік акцияны іске қосу туралы хабарлайды.

Қазақстанның барлық аумақтарында 2014 жылдың 10 наурызбен 30 сәуір аралығында акцияны өткізу кезінде Visa сыйлық карточка бойынша сатып алуларды төлей отырып, және www.visa.com.kz сайтында барлық өндірілген транзакцияларды тіркеп, сыйлық карточка ұстаушылары автоматты түрінде супер жүлде ұтыс ойынының қатысушысы болып табылады.

MEGA Alma-Ata СОО 35 000 теңгеден аса сомаға картамен сатып алуларды немесе қызметтерді төлейтін сыйлық картаның әрбір иесіне қосымша жүлделер қарастырылған.

Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының бөлшек сауда бизнесін дамыту жөніндегі кеңесшісі: «Акция кезінде Visa компаниясымен бірлесіп, тұтынушыларға ақшасыз есеп-айырысулар қызметтерінің ерекшеліктерін көрсетуді қалаймыз. Бүгінгі күні ақшасыз төлемдер – бұл тек қана жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз ғана емес, ол бағалы жүлделерді ұтып алуға жақсы мүмкіндік».

Банк ВТБ (Қазақстан) сыйлық карточкалары - Visa Gold, Visa Platinum және Visa Infinite, талғампаз клиенттеріне арналған ұсыныстарды ұсынады: жай қаржы құралдарынан және бірегей артықшылықтар мен басымдылықтарға дейін. Visa сыйлық карточка ұстаушыларына клиенттерді қолдайтын Ғалами қызметтеріне (жедел қолма-қол ақшаны беру, картаны ауыстыру, 24/7 тәртібінде бүкіл әлем бойынша ақпараттық қолдау), медициналық және заңгерлік анықтама қызметтеріне, бүкіл әлем бойынша сауда кәсіпорындарының жеңілдіктеріне және басқа да ұсыныстарына рұқсат береді.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).