Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша пайыздық ставкаларын көтерді

07.03.2014

Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғалардың жаңа депозиттері бойынша сыйақының ең жоғарғы ставкаларының көбейгені туралы хабарлайды. 2014 жылдың 1 наурызынан бастап сыйақының атаулы ставкасы теңгеде жылдық 10% құрайды, шетел валютада – жылдық 3,5%.

Ең жоғарғы тиімді ставка жылдық 10,5% - ұлттық валютада және жылдық 3,6 % - шетел валютада, бұл Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының талаптарына сәйкес келеді.

Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының бөлшек сауда бизнесін дамыту жөніндегі кеңесшісі: «Кез келген банкті таңдау кезінде салымшы үшін сыйақының жоғарғы, бәсекелесе алатын ставкалары ең басты өлшемі болып табылады. Жедел салымдары бойынша біз ставкаларды көтереміз, өйткені біздің клиенттер өз жинаған ақшаларын жоғарғы табыстылықпен және барынша жайлылықпен сақтасын дейміз».

Банк ВТБ (Қазақстан) салымшыларға халықаралық ВТБ тобына қамтамасыз етуімен және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына қатысуымен табыстылықтың тұрақты деңгейімен және сенімділікпен, сыйақының белгіленген пайыздық ставкасымен жеке жинақтарын орналастыру үшін тиімді тәсілдерін ұсынады.

Депозитті ашу үшін Банк ВТБ (Қазақстан) жақын бөлімшесіне барып, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет. Біздің клиенттеріміздің уақытын үнемдеу үшін сайтқа жіберілген өтінімдер негізінде Банкке келетін ыңғайлы уақытты белгілеп, клиенттердің қажеттілігн және тілектерін ескере отырып, депозитті таңдау бойынша толық кеңес береді.

Клиенттердің ыңғайлығы үшін жұмыс күндері Банк бөлімшесі сағат 20.00 дейін жұмыс істейді.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).