Банк ВТБ (Қазақстан) шағын бизнеске кредит беру бойынша қоржыны 46% көбейді

05.03.2014 2013 жылдың қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шағын бизнеске кредит беру бойынша қоржыны 46% көбейді және 20,4 млрд. теңгені құрады.

Кәсіпкерлер 2013 жылдың екінші жарты жылдығында белсенді кредит алды. Бизнес үшін ең нәтижелі айлар тамыз, қараша және желтоқсан. Қазіргі уақытта 700 аса ұйымдар шағын бизнес сегментіне жататын Банк ВТБ (Қазақстан)клиенттері болып табылады.

Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының бөлшек сауда бизнесін дамыту жөніндегі кеңесшісі: «2013 жылы кәсіпкерлер ағымдағы қызметті қаржыландыру және жаңа бағыттарды дамыту үшін кредит қаражатын белсенді пайдаланды. Шағын бизнес өкілдері арасында жоғарғы тиімді шарттарымен «Шағын кредит» өнімі ең танымал болды, онымен клиенттердің 38% пайдаланды. Осы кредит беру түріне біздің клиенттеріміздің мүддесі кепілзат жүйесімен, қысқа мерзімде өтінімдерді қарастыру және сыйақының тиімді ставкасымен қамтамасыз етілген».

Банк өз клиенттерінің бизнес ерекшеліктерін ескеруге тырысады, және 2014 жылы бөлшек сауда бизнесінің клиенттік сегментіне назар аударады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).