Гусаров С.Н.: "Банктің сенімділігі - кез келген салымшы үшін негізгі параметрі"

28.02.2014 Әр адам капиталды жинауға ұмтылады: біреулері ақшаларын үйде сақтаса, басқалары бірдемеге салады, ал үшіншілері –капиталдарын банкте сақтап, көбейтеді. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы Сергей Гусаров «Капитал.kz» және «КурсивЪ» іскерлік басылымдармен сұхбаттасу кезінде Банктің қызметі, өнімдері және ұсынылатын қызметтері туралы айтты.kz


Сергей Николаевич, соңғы аптадағы жағдайлар бүкіл елдегі салымшыларды мазалады. Ірі банктер жедел депозиттердің ағынын байқайды. Банк ВТБ (Қазақстан) жағымсыз әсерді сезінде ме?

Бір мағыналы, жоқ деп айтамын. Керісінше, Банк ВТБ (Қазақстан) шотты ашуды қалайтын жеке және заңды тұлғалардың саны көбейгенін байқадық. Бұның себебі – ол сенімділік, тұрақты қаржы жағдайы және біздің негізгі акционеріміз – Ресей Федерациясы Үкіметінің кепілдігі біздің Банктің артықшылығы болып табылады. Өз жинауларын біздің банкке салған тұрғындар, ақшаның сақталуына сеніммен қарай алады. Бұдан басқа, жедел салымдар бойынша пайыздық ставка депозитті сақтау мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады. Банк ВТБ (Қазақстан) салымдардың (жеке тұлғалардың депозиттері) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы болып табылатыны өте маңызды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру жүйесіне (ҚДКҚ) Банктің қатысуы салымшыларға қандай үстемдік береді?

Қордың атауы өз өзіне жауап береді – қатысушы банкті мәжбүрлеп таратқан жағдайда, ол салымшыларды тұрғындардың салымдарына кепілдік беру жолдары арқылы қорғайды. Банк банкрот болған жағдайда, әрбір салымшы депозит бойынша есептелмеген сыйақысыз, бірақ 5 000 000 теңгеден аспай депозиттегі қалған сомасындай кепілдікті өтеуді алуға құқығы бар. Өз клиенттерімізге салымдардың міндетті ұжымдық кепілдік беру жүйесіне қатысып, тіркелген ВТБ қаржы тобының кепілдік сенімділігін ұсынамыз.

Тұрғындар үшін салымдар туралы айтып берсеңіз: бүгінгі күні Банк ВТБ (Қазақстан) өз клиенттеріне жедел салымдары бойынша қандай шарттарын ұсынады?

Жұртқа белгілі, банктің сенімділігі – кез келген салымшы үшін негізгі параметрі. Біздің Банктің 4 депозиттерінің ішінен әрқайсысы клиенттердің қалауы бойынша дайындалған. Мысалы, біздің клиенттеріміздің арасында ең танымал «Жинақтаушы» салым кез келген уақытта төмендетілмейтін қалдыққа дейін ақшаны алуға және толтыруға мүмкіндік береді, салымның валютасы теңгеде, ресей рубілінде және АҚШ долларында болуы мүмкін. «Жинақ» салымын ең аз сома бойынша шектеусіз ресімдеуге болады, ол үш валютада ашылуы мүмкін және орналастыру мерзімнің алты нұсқасын қарастырады. Салымды ұлттық валютада ұзақ мерзімге орналастырғысы келетіндерге – «Тұрақты» ең қолайлы салым. «VIP» салым кез келген мерзімділікте қосымша жарналар есебінен салым сомасын толтыру мүмкіндігімен ең жоғарғы табысты және салымның ең төмен сомасын қолдай отырып, салым сомасының бөлігін алуды қарастырады . Бұдан басқа, клиенттердің депозиттеріндегі ақшалай қаражатты кредит ретінде пайдалануға болады, бұл біздің Банкте кредитті алуға әлеуетті мүмкіндіктерімізді қол жетімді шарттарда көтереді.

Не ол, не бұл банкте депозитті ашар алдында Сіздің ойыңызша салымшы неге көңіл бөлуі тиіс?

Әрбір салымшы банк ұсынған шарттар мен ұсыныстарға, банктің сенімділік рейтингіне бағдар болуы тиіс. Таңдаған банкті тану – оның тұрақтылығын көрсетеді. Егер сіз банктің тарихын, қандай елдерде өз бизнесін табысты жүргізетінін, кім оның акционерлері екендігін және т.б. білсеңіз – бұл өз жинауларыңызды сенімділікпен тапсырғыңыз келетін қаржы институты туралы мәліметтерді жинауға көмектеседі.

Сіздің Банкте депозитті ашуға не істеу қажет. Салымды ашу рәсімі қаншалықты оңай?

Банк ВТБ (Қазақстан) ең жақын бөлімшесіне, жеке куәлік құжатының түпнұсқасымен келуге болады. Сайтқа келіп түскен өтінімдер негізінде, біздің клиенттеріміздің уақытын үнемдеу үшін Банкке арнайы келуге ыңғайлы уақыт белгіленеді, клиенттің қалауын және қажеттілігін ескере отырып, депозитті таңдау бойынша толық кеңес беріледі.

Қазіргі уақытта депозиттер бойынша ставканың ең жоғарғы пайызы қанша?

Біздің Банкте ұлттық валютада сыйақының көрсетілген ставкасы жылдық 9%, шетел валютада – жылдық 3,5% тең. Ең жоғарғы ставка жылдық 9,4%, ұлттық және шетел валютада жылдық 3,6% тең, бұл ҚДКҚ талаптарына сәйкес келеді.

Банк ВТБ (Қазақстан) бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі болып табылады. Банктің қызметін жүргізуге Банк ҚР ҚБА лицензиясын 2009 жылы алды. Қазақстандықтар үшін – бұл жас банк. Қазақстанда 4 жыл ішінде ВТБ қандай жетістіктерге жетті?

Шынында, Қазақстанда біз жаңа және жас Банкпіз. Бірақ ресейлік Банк ВТБ – 1990 жылдан бастап жұмыс істейді. 23 жылдан бері ВТБ Тобы өз тарихымен ресей банктері үшін халықаралық желіні құрды, бұл әлемнің 20 елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ өз клиенттеріне ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде қызмет көрсетеді. Ресейлік банк нарығында ВТБ тобы барлық негізгі көрсеткіштері бойынша екінші орында. ВТБ капиталында мемлекет үлесі 60,9% құрайды. ВТБ тобы көп жылдан бері сенімді және тұрақты серіктес. Біздің Банктің ең мықты және табысты қаржы институтына тиістілігі Қазақстандағы өз клиенттерімізге ұсынатын ең маңызды ерекшелігі болып табылатыны белгілі. Бүгінгі күні біздің Банктің филиалдары ҚР барлық облыс орталықтарында ашылған, мемлекеттің 17 қаласында 24 сату орындары бар, және 2014 жылы өз клиенттеріміз үшін филиал желілерін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Біз жеке клиенттерге, сондай-ақ бизнес субъектілеріне арналған қаржы қызметтерінің кең спектрін ұсынамыз. Біздің барлық банк өнімдеріміз ең жоғарғы икемділікпен сипатталған, берешекті өтеу кестесіне, қарыз валютасын таңдауға, пайыздық ставканың тұрақтылығына жеке көзқараспен қаралады. Осы сұхбатқа дайындалу барысында Қазақстан Республикасының барлық тұрғындарына сапалы, сенімді және қауіпсіз банк секторын ұсыну бойынша біздің шынайы ойымызды жеткізу үшін өзіме негізгі мақсат деп қойдым.

Әңгімеңізге рақмет!

Материал сілтемесі: http://www.kursiv.kz/news/details/finansy1/nadezhnost-banka/