Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карточкалар ұстаушыларының саны 46% көбейді

28.02.2014 25.02.2014ж. жағдайы бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карточкалар
ұстаушыларының саны 46% көбейді.

Банктің төлем карточкаларының ұстаушылар санының өсуі бірнеше факторларымен қамтамасыз етілген: Қазақстандық еншілес Банк ВТБ өз клиенттеріне Visa Platinum, Visa Infinite сыйлықақылы төлем карточкаларын ұсынды, жалақы жобаларының қатысушылары үшін икемді тарифтерінің жүйесін енгізді, сонымен қатар Банктің банкоматтары және Интернет-Банкинг жүйесі арқылы рұқсат беретін жеке тұлғаларға арналған жаңа карточкалық қызметтерін енгізді (ұялы және коммуналдық қызметтерді төлеу, ағымдағы шоттарды басқару, ақша қаражатының қозғалысы және қалдығы туралы мәліметтерді алу және т.б.).

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының бөлшек сауда бизнесінің мәселелері жөніндегі кеңесшісі Дмитрий Яковлев: «2014 жылы ең басымды міндеттерінің бірі – ол карточкалық инфрақұрылымның жетілуі: эмиссия және эквайринг. Являясь эмитентом широко используемых карточек международной платежной системы VISA Int. халықаралық төлем жүйелерінің пайдаланатын карточкаларының эмитенті бола отырып, біздің клиенттерімізге «үй тарифі» бойынша Грузия және ТМД елдерінің аймақтарында ВТБ тобының Бірыңғай банкомат желілерінің банкоматтарында 6 мыңнан астам қолма-қол ақшаны шешіп алуға рұқсат беретін сервисті ұсынамыз. Біздің Банк карточкаларының иелеріне арналған артықшылықтың бірі».

Дебеттік төлем карточканың шоты теңгеде, ресей рубілінде, АҚШ долларында және еурода, кредиттік – тек қана теңгеде ашылуы мүмкін. Төлем карточкасына жылдық қызмет көрсету үшін ең аз комиссия 200 теңгені құрайды.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).