Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасының бөлшек сауда бизнесінің мәселелері жөніндегі кеңесшісі тағайындалды

26.02.2014 Яковлев Дмитрий Евгеньевич 19 ақпаннан бастап Банк ВТБ (Қазақстан)
АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының бөлшек сауда бизнесінің мәселелері жөніндегі
кеңесшісі болып тағайындалды.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы Сергей Гусаров: «Дмитрий Яковлев – бөлшек сауда бизнесін жүргізетін халықаралық тәжірибесі бар басшы. Осы бағыттағы стратегиялық мәселелерді шешуге, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңартуға, қаржы өнімдерін дайындауға және енгізуге, клиенттердің қағидатын жетілдіруге, көп арналы бизнес-стратегияны дайындауға және оны Банктің басқа бөлімшелерімен
тығыз ынтымақтастықта іске асыруға тәлімгер болып, жаңа лауазымда
Банк ВТБ (Қазақстан) бөлшек сауда бизнесінің блогын күшейтеді».

ВТБ тобында Дмитрий Яковлев 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. 2013 жылдың маусымынан бастап Вице-президент, Банк ВТБ24 ВТБ тобының Стратегия және бөлшек сауда бизнесін дамыту департаментінің
Халықаралық бизнес басқарма бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

2010 жылдың маусымынан бастап 2013 жылдың маусымына дейін Вице-президент, Банк ВТБ24 ВТБ тобының Стратегия және бөлшек сауда бизнесін дамыту департаментінің Халықаралық бизнес басқармасының өңір бойынша директоры болып жұмыс істеді.

Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының бөлшек сауда бизнесінің мәселелері жөніндегі кеңесшісі: «2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін Банктің бекітілген бөлшек сауда бизнесін дамыту стратегиясын іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бөлшек сауда өнімдерінің сұрыптамасын кеңейтуге, оларға тартымды жағдай жасауға, сонымен қатар әртүрлі санаттағы клиенттердің көзқарасына көңіл бөлеміз. Болашақта орта мерзімде бизнестің көлемін қарқынды кеңейтуді, жаңа сату орындарын ашуды, клиенттермен өзара ынтымақтасу үшін дамытуды жоспарлап отырмыз».

Яковлев Д.Е. Мәскеу қаласында М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік университетін бітірді. Ағылшын және француз тілдерін біледі. Банк қызметін 2002 жылы «Банк Русский Стандарт» ЖАҚ бастады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).