«Қолма-қол кредиттер» өнімі – Банк ВТБ (Қазақстан) Контакт-орталығына түскен сауалдар санымен ең танымал болды

21.02.2014 2014 жылдың қаңтарында Банк ВТБ (Қазақстан) «Қолма-қол кредиттері» Банктің Контакт - орталығына хабарласқан әлеуметтік клиенттер арасында ең танымал өнім болып табылады. Статистикаға сәйкес, Банктің осы кредит өніміне хабарласқандардың саны 12,5 мың - 40%.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Бөлшек сауда бизнесін дамыту департаментінің директоры Динара Жакенова: «Тұрғындардың «Қолма-қол кредиттер» өніміне мүддесі осы өнімнің тиімді шарттарымен қамтамасыз етілген. Кредит кепілзатты және бастапқы жарнаны талап етпейді, пайыздық ставкалары ерекше, қарыз алушыдан ең аз құжаттар
пакетін талап етеді».

«Қолма-қол кредиттер» 23 жасқа келген, өзінің тұрақты табысын дәлелдей алатын Қазақстан Республикасының азаматтарына ұсынылады. Кредит 100 мың теңгеден 3 млн. теңгеге дейін 6 айдан 48 айға дейін ұсынылады. Қарыз алу бойынша сыйақы ставкасы 16%-дан, сыйақының жылдық тиімді ставкасы 18,6%-дан бастап өзгереді.

Толық ақпаратты Банктің www.vtb-bank.kz сайтында ала аласыздар.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).