Банк ВТБ (Қазақстан) тұрғындардың ақша салымына деген қызығушылықтарының өсуін белгілейді

20.02.2014 2014 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ салымдарының үлесі 12 айдан аса мерзімде 11% көбейді, 2013 жылмен салыстырғанда депозиттің жалпы портфелінен 61% құрады, яғни Қазақстанның тұрғындары
Банк ВТБ (Қазақстан) депозиттеріне сенім білдіретіні дәлел.

Ақша салымдарының мерзімін белгілей отырып, Банктің мамандары есеп беру кезеңде жеке тұлғаларының депозиттік портфельдері 2013 жылдың қаңтар айының қорытындысымен салыстырғанда 1,8 есеге немесе 81% көбейгенін айтады.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы Сергей Гусаров: «Біз клиенттерге ВТБ тобының беделімен кепілдік беретін сенімділікті ұсынамыз. Банк ВТБ (Қазақстан) депозиттік бағдарламалары,әртүрлі санаттағы салымшылардың қажеттілігін ескере отырып дайындалған, және шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде жеңілдікті, депозитті ашуға электрондық өтінімді ресімдеу мүмкіндігін, сонымен қатар дистанциялық банктік қызмет көрсету жүйесі арқылы депозитті басқаруды қарастырады».

Жеке тұлғалардың ақша салымдары бойынша сыйақыларының ең жоғарғы тиімді ставкасы ұлттық валютада – 9,4% құрайды, шетел валютада – жылдық 3,6%. Заңды тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақы ставкалары ақша салымдарының мерзіміне және сомасына байланысты жеке белгіленеді.

Банк ВТБ (Қазақстан) депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).