Банк ВТБ (Қазақстан) «Арнайы ипотека» - жаңа өнімін іске қосты

12.02.2014 Банк ВТБ (Қазақстан) тұрғындар үшін «Арнайы ипотека» - жаңа мақсатты кредит іске қосылғаны туралы хабарлайды.

«Арнайы ипотека» кредит өнімі сатуға шығарып қойылған және Банктің қамтамасыз етілген кепілзаты болып табылатын жылжымайтын мүлікті сатып алуды қарастырады.

Банктің кепілзаттық мүлкін сатып алуға кредит теңге және АҚШ долларында ресімделуі мүмкін.
Қарыздың ең төменгі сомасы – 1 млн.теңгені құрайды,
ең жоғарғы – 150 млн.теңге. Кредит беру мерзімі – 1 жылдан 20 жылға дейін. Сыйақы ставкасы жылдық 8%-дан.

Бастапқы жарна кепілзат мүлкін сатып алу құнынан төлеу қабілеттігін ұсынып, 5% - 10% құрайды, және қарыз алушының төлеу қабілеттігінсіз 10% аса. Бастапқы жарна ретінде Банктің Кепілзат саясатының талаптарына қанағаттандырарлық қосымша кепілзат қабылдануы мүмкін.

Нарықта «Арнайы ипотеканы» ұсына отырып, Банк ВТБ (Қазақстан) өнімнің артықшылығын шығарады: ең төменгі бастапқы жарна, сыйақының ең төмен ставкасы, кредитті ұйымдастыру үшін комиссия жоқ, айыппұл санкцияларынсыз мерзімінен бұрын өтеу, өтеу тәртібін таңдау мүмкіндігі.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).