2013 жылғы қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) заңды тұлғалар-клиенттер саны 72% көбейді

31.01.2014 2013 жылғы қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) заңды тұлғалар-клиенттер саны 2012 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге немесе 72% көбейді және 9,1 мың. құрады. Оның ішінде, жеке кәсіпкерлер – 4,2 мың., шаруа қожалығы – 159 дана.

Экономиканың әртүрлі саласында ұсынылған ұйымдар Банктің Клиенттері болып табылады: көтерме сауда – 42%, көлік қызметтері (7,1%), жол және өнеркәсіптік құрылыс (6%), тұрғын үй құрылысы (5,7%), тамақ өнеркәсібі (5,4%), бөлшек сауда (4,9%) және басқа.

Корпоративтік бизнесті дамыту Департаментінің Директоры Ольга Емельянова: «Кәсіпкерлік қызметінің субъектілеріне кредит беру көлемін талдай отырып, өсудің позитивтік үрдістерін бағалау қажет: 2013 жылы экономиканың нақты секторына кредит беру көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 33% көбейді. Осы бизнестің нақты бағытын дамытуға үнемі жұмыстар жүргіземіз және клиенттерге шешімдерді қабылдау уақытын қысқартатын барынша жеңілдетілген кредиттерді ұсынуға, және жалпы Банктің бизнес-процесін жақсартуға тырысамыз».

Банк ВТБ (Қазақстан) корпоративтік клиенттерге теңгеде, рубльде және шетел валютасында кредиттер ұсынады. Клиенттерді жылдам қысқа мерзімде ақша қаражатымен қанағаттандыру мақсатында, Банк овердрафт түрінде клиенттерге кредит беруді жүзеге асырады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).