Банк ВТБ (Қазақстан) облигацияларын шығаруға S&P «ВВВ-» кредиттік рейтингін берді

30.01.2014 29 қаңтарда Standard & Poor's халықаралық рейтингілік агенттігі «ВВВ-» деңгейінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ басымды қамтамасыз етілмеген облигацияларын (ISIN KZ2C00000131) шығаруға кредиттік рейтингін бергені туралы хабарлады.

Шығару көлемі 15 млрд.теңгені құрайды, төрт жылдық бағалы қағаздар айналымының басталу және аяқталу күні – 11.12.2010 – 2014жж. Купонның белгіленген ставкасы 7% мөлшерінде анықталған.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).