2013 жылы Банк ВТБ (Қазақстан) арқылы Contact ақша аударымдар көлемі 43% көбейді

17.01.2014 2013 жылдың қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) арқылы төленген және жіберілген Contact төлем жүйесінің ақша аудару көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге немесе 43% көбейді.

Есеп беру кезеңі үшін 18,1 млн. АҚШ доллар сомасына 14 862
ақша аударымдар жүзеге асырылды (2012 жылы - 11 млн.АҚШ доллар сомасына 10 467 аударымдарға қарсы).

Төленген аударымдар саны 3,8 млн.АҚШ доллар сомасына 5 765 бірлікті құрады (2012 жылы – 3,1 млн.АҚШ доллар сомасына 3 980 бір. төленген аударымдарға қарсы). Жіберілген аударымдардың артық үлесі АҚШ долларында, төлемдер – ресей рубілінде жүзеге асырылды. Ақша аударымдарының басымдық бағытының ТОП - 3 Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан кірді.

Contact төлем жүйесін пайдалану бойынша көшбасшы-қалалар: Алматы, Тараз, Көкшетау, Атырау және Шымкент.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Бөлшек сауда бизнесін дамыту департаментінің директоры Динара Жакенова: «Біздің Банк ыңғайлы және жайлы қаржы қызмет көрсетуді ұсынуға тырысады. Contact жүйесімен серіктесіп, Банк ВТБ (Қазақстан) Қазақстан және таяу және қиыр шетел елдері бойынша банк шотын ашпай ақша аударымдарын ұсынады. Аударымдардың кеңділігі – барлық континенттерде 90 елдерінен аса және аударымдарды алу пунктінің дамыған желісі – осы жүйенің негізгі артықшылығы болып табылады. Бұдан басқа, жаңа жылдан бастап комиссияның мөлшері төмендетілді және аударымдардың ең жоғарғы сомасы көбейді».

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жөнелтушінің таяу шетел елдеріне ақша аудару комиссиясы аудару сомасынан 1,5% дейін, бірақ 1 650 рубльден немесе 50 доллар/еуродан аспай төмендетілді. Таяу шетел елдеріне ақша аударымдарының ең жоғарғы сомасы 600 000 рубль немесе 20 000 доллар/еуроны құрайды. Қиыр шетел елдеріне ақша аударымдарды жүзеге асыру кезінде, ең жоғарғы сома және комиссия сомасы бағытқа байланысты өзгереді.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).
ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.