Банк ВТБ (Қазақстан) эквайрингісі бойынша жиынтық ақша айналымы 3,3 млн.теңгеден асты

15.01.2014 2013ж. қыркүйегінен бастап Банк ВТБ (Қазақстан) сауда эквайрингін белсенді дамытады – төлем карточкасы арқылы ақшасыз төлемдерді жүргізеді. Банк «Сауда эквайринг» қызметін іске қосқаннан бері, Банк ВТБ (Қазақстан) POS-терминал арқылы жүзеге асырылған төлем сомасын 3-миллион теңгеден аса құрады.

Желтоқсанда Банктің POS-терминалдарын тиімді пайдалану бойынша көшбасшы болып Павлодар, Ақтөбе және Көкшетау қалалары болды. Банк ВТБ (Қазақстан) POS-терминалдары қазақстандық мобильдік операторлардың арнайы сим-карталарымен жабдықталған, сондықтан телефон желісіне немесе Интернет желісіне қосылуды талап етпейді. Техникалық шешімдерінің кең спектрі, төлем карточкалары бойынша операция өңдеудің жоғарғы жылдамдығы, ыңғайлы мәзірі және POS-терминалдарды жеңілдікпен пайдалану операцияларды жылдам және қауіпсіз жүргізуге рұқсат береді.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Бөлшек сауда бизнес департаментінің директоры Динара Жакенова: «Есеп айырысуларды жүргізу кезінде POS-терминалдарды пайдалану қаржы операцияларының көтерілімін, салық түсімдерінің өсуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар қолма-қол ақша айналымына қызмет көрсетумен байланысты шығындарды төмендетеді».

Қазіргі уақытта Банк 74 кәсіпорындармен жұмыс істейді, оның ішінде әмбебап дүкендері, жанармай құятын стансалар, дәріханалар, киім дүкендері, қонақүй кешендері, ломбардтар, мейрамханалар және Visa International төлем карточкаларын төлеуге қабылдайтын басқа да ұйымдар. Банк ВТБ (Қазақстан) POS-терминалдарды орнату бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруға ниет етеді.

Ескертеміз, «Төлемдер және аударымдар туралы» ҚР Заңы келесіні қарастырады, 01.01.2013ж. бастап көпшілік мақұлдаған салық салу тәртібін қолданатын заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер төлем карточкаларын пайдаланып (POS-терминалдар), төлемдерді қабылдау үшін арналған жабдықтардың (құрылғы) орнатылуын қамтамасыз етуге, сонымен қатар төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді қабылдауға міндетті. 01.01.2014ж. бастап осы бап тәртіпке тәуелсіз барлық заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге таратылады. 04.12.2013ж. ҚР Қаржы Министрлігінің хабарламасы бойынша ҚР Парламенті 01.01.2014ж. мерзім 01.07.2014ж.ауыстырылғаны туралы заң жобасын қабылдады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).
ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.