Банк ВТБ (Қазақстан) банк кепілдігін ұсыну мөлшерін 2,5 есеге көбейтті

06.12.2013 2012 жылдан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) бүгінгі күні оның барлық негізгі бағыттары бойынша дамуда айтарлықтай өсуді көрсете отырып, транзакциялық бизнесті белсенді дамытты.

2013 жылдың 11 ай ішінде Банк ВТБ (Қазақстан) банк кепілдігін ұсыну мөлшерін, өткен жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда 2,5 есеге арттырып, 18 млрд. теңгеге дейін көбейтті.

2012 жылы заңды тұлғалардың жедел депозит мөлшері 26 млрд. теңгені құрады, ал 2013 жылы көрсеткіш 2 есеге көбейтілді – 52 млрд. теңгеге дейін.

Банк ВТБ (Қазақстан) транзакциялық бизнестің өніміне екі негізгі бағыт кіреді: пассивті және есеп айырысу операциялары, сонымен қатар құжаттамалық бизнес және сауданы қаржыландыру.

«Елдің әрбір түкпірінде филиалдардың кеңейтілген желісі бар компанияларға, олардың қолданыстағы қорларын біріктіру үшін әртүрлі шешімдерді ұсынамыз. Егер біздің клиенттеріміздің шетелде бизнесі болса, онда Банк халықаралық төлемдерді және валюталық бақылауды жүргізуді ұсынады», - Банк ВТБ (Қазақстан) Корпоративтік бизнесті дамыту департаментінің директоры Ольга Емельянова осылай деп түсіндіреді.

Осы барлық операцияларды және шығындарды оңтайландыру және клиенттердің процестерін жедел жүзеге асыру мақсатында, Банк заңды тұлғаларға арналған Интернет-Банкингтің жаңа қызметін пайдалануды ұсынады, осының аясында клиенттер кеңседен шықпай, барлық банк қызметтерін дистанциялық түрде ала алады.

«Банк ВТБ құжаттамалық бизнесті жүргізу кезінде әрқашанда көшбасшы болатын. Банк кепілдіктерінің және аккредитивтердің барлық түрлерін және құрылмаларын пайдалана отырып, біз құжаттамалық операцияларды, сонымен қатар шетел банктерін және даму банктерін тарта отырып, сауданы қаржыландыру бойынша құрылымдау мәмілелерін ұсынамыз», - деп О.Емельянова анықтады.

Әртүрлі инфрақұрылымын құрумен және ірі жобаларын іске асырумен байланысты келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігі ең талап етілген өнімдер болып табылады, сонымен қатар алғытөлемді қайтару кепілдіктері, кедендік кепілдіктері және сөзсіз тендерлік кепілдіктері талап етіледі.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі/ «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%). ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.