2013ж. 11 ай ішінде Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларының депозит портфелінің көлемі 18 млрд. теңгеге өсті

11.12.2013 2013 жылдың 1 желтоқсанында Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларының депозит портфелінің көлемі ағымдағы шотты ескере отырып 18 379,2 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен қарағанда 74% асады (1 желтоқсан 2012 ж.- 10 563,7 млн. теңге).

2013 жылдың І жарты жылдық көрсеткішімен салыстырғанда депозит көлемінің өсу динамикасы - 14,4% немесе 2 316 млн. теңгені құрайды (1 шілде 2013ж. – 16 063,2 млн. теңге).

Сыйақының ең жоғарғы тиімді ставкасы ұлттық валютада – 9,4%, шетел валютада – жылдық 3,6% құрайды.

Банк мамандары салымшылардың арасында ең танымал «Жинақтаушы» салым екендігін белгілейді, кез келген уақытта қаражатты толтыруға және алуға болады. Салым валютасы теңгеде, ресей рубілінде және АҚШ долларында болуы мүмкін.

Бөлшек сауда бизнесін дамыту департаментінің директоры, Динара Жакенова: «Біз өз клиенттерімізге пайдалы ставкалары бойынша үш негізгі валютада салымның кеңейтілген жолдарын ұсынамыз, бұл ұзақ мерзімді, сондай-ақ қысқа мерзімді мүдделерін қанағаттандырады. Жеке тұлғалардың депозит салымдарының тұрақты өсуі Банкке көрсетілетін салымшылардың тарапынан сенімділікті растайды – тек осы жылдың ІІ жарты жылдығында жеке тұлғалардың салымдарын 2,3 млрд. теңгеден аса көбейттік».

Бүгінгі күні Банк ВТБ (Қазақстан) «Жинақ», «Тұрақты», «Жинақтаушы» және «VIP» салымдарын ұсынады. Осы депозиттердің артықшылығы пайдалы пайыздық ставкада, сыйақының белгіленген базалық ставкасында және сыйақының жылдық тиімді ставкасы 9,4% жоғары көрсетілген. Бұдан басқа, шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда жеңілдіктер, депозитті ашуға электрондық өтінімдерді ресімдеу мүмкіндіктері, сонымен қатар Интернет-банкинг жүйесінің көмегімен депозитті басқару қарастырылған.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9 %).