Банк ВТБ (Қазақстан) мемлекеттік бағдарлама аясында бизнесті белсенді кредиттейді

05.12.2013 Қазақстандық еншілес Банк ВТБ бизнесті дамытатын мемлекеттік қаржыландыру бағдарламаларына белсенді қатысады.

«Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарлама аясында Банк 8 млрд.теңгеден аса сомаға, орта және
шағын бизнес компанияларын қоса алғанда 63 жобаны қаржыландырды (деректер 01.11.2013ж.).

Мемлекеттік бағдарлама аясында Банк ВТБ (Қазақстан) ел экономикасының басым саласында өз қызметін жүзеге асыратын компанияларды қаржыландырады: көлік, өндіріс, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер және басқалар.

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ауыл шаруашылық саласын қаражаттандыру бағдарламасы аясында Банк ауыл шаруашылығын қаржыландыруға 3,3 млрд. теңгеден аса ақша аударды.

Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өңірлік басымдылықты ескере отырып, «Даму регионы III» мемлекеттік бағдарлама аясында Банк 23 компанияны 500 млн. теңгеден асатын сомаға қаржыландырды.

Қазақстанда бизнесті дамыту ВТБ тобының халықаралық стратегиясының басымды бағыты болып табылады. Осыған сәйкес, Банк ВТБ (Қазақстан) мемлекеттік бағдарламаға қатысуы елде кәсіпкерлікті сапалы дамытуға мүмкіндік туғызады.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы, Сергей Гусаров: «Мемлекет басшысы – Н.А.Назарбаев 2020 жылы өндірісте ШОБ үлесін жалпы 40% көлемге көбейту туралы міндет қойды. Біздің Банк бизнесті қаржыландыратын мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысады. Біз келесі жылы көптеген компаниялардың дамуына көмектесе отырып, 2014 жылдың болашағына сенімділікпен қараймыз».

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.

ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).
ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.