Банк ВТБ (Қазақстан) 10 ай ішінде жеке тұлғалардың кредиттеу көлемі 24,8 млрд. теңгеге өсті

28.11.2013 Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жеке тұлғалардың кредит портфелінің мөлшері 2013 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша 24,8 млрд. теңгеге өсті, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 69% құрады.

Тұрғындарға кредиттерді беру көлемі кредит картасын есепке алмай 13,9 млрд.теңгені құрады. Есеп беру кезеңі үшін қолма-қол кредиттер танымал болды. Осы кредиттеу бағытындағы үлес жеке тұлғалар портфелінің жалпы көлемінен 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15% көбейіп, 48% құрады.

2013 жылдың 1 қарашасында Банк ВТБ (Қазақстан) кредит карталарының жалпы саны 961 дананы құрады, оның ішінде белсенді – 463 карталар. Банктің кредит карталар портфелінің көлемі 99,5 мың теңгеден асты.

Естеріңізге саламыз, Банк ВТБ (Қазақстан) кредиттерді қолма-қол кепілзатсыз және бастапқы жарнасыз 6 айдан 48 ай мерзімге дейін, сонымен қатар кредит карталарын жеңілдікпен 60 күнге дейін және кредиттік лимит сомасымен 2 000 000 теңгеге дейін ұсынады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі/ «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%). ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.