2013ж. тамыз-қараша кезеңінде Банк ВТБ (Қазақстан) «Online VTB» Интернет-Банкинг жүйесінің 800 пайдаланушыларын қосты

26.11.2013 Банк ВТБ (Қазақстан) «Online VTB» Интернет-Банкинг Жүйесі жеке тұлғалары үшін он-лайн қызметтерін ұсынады.

Банк дистанциялық қызметтерін белсенді дамытады, сондай-ақ 2013 жылдың қараша айында пайдаланушылардың саны 800 адамға дейін көбейді, бұл өткен айдың көрсеткішінен қарағанда 12,5 % көп.

Қызмет жеткізушілердің пайдасына (ұялы операторлар, кабельді теледидар қызметтері және т.б.) төлемдер, банк аралық аударылымдар, сонымен қатар мереке немесе демалыс күндері депозиттік шотынан халықаралық төлем карточкасына аударылымдар сервис клиенттерінің арасында танымал болып есептеледі.

Пайдаланушылардың ең көп саны - 30% аса Алматы қ. тіркелген, банктің он-лайн қызметтерінің ең белсенді пайдаланушылары Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында тұрады.

Естеріңізге саламыз, Банк ВТБ (Қазақстан) өз клиенттерінің жайлылығын және сапалы қызмет көрсетуін ойлай отырып, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап жеке тұлғаларға Интернет-Банкинг бойынша операциялардың кеңейтілген тізбесін ұсынады. Бүгінгі күні, жеке тұлғалары үшін сервис Банкке бармай қолданыстағы кредиттерді, депозиттерді, төлем карточкаларды қарастыруға рұқсат береді.

Интернет-Банкинг арқылы жеке тұлғалар ұялы және коммуналдық қызметтерді төлеуге, ағымдағы шоттарды басқаруға, өз ақша қаражаттарының айналымы және қалдығы туралы мәліметтерді алуға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар клиенттерге төлем карточкасын қайта шығаруға, жедел салымды ашуға/жабуға немесе банк қарызын ұсынуға электрондық өтінімін беру мүмкіндігі ұсынылған.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9 %).

ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.