2013 жылы Банк ВТБ (Қазақстан) өз банкомат желілерін 2,3 есеге көбейтті

21.11.2013 Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Қазақстанның барлық өңірлерінде банкомат желілерін кеңейту бойынша белсенді жұмыстарын жүргізеді. 2011 жылмен салыстырғанда банкоматтар саны 2,3 есеге немесе 136% көбейтілді. Барынша көп банкоматтар Алматы қаласында - 19,6% және Астана қаласында - 11,8% орналасқан.

Клиенттерді ең жоғарғы деңгейде ыңғайлы және толық спектр мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету аясында, Банк ВТБ (Қазақстан) банкоматтарға рұқсат берілген қызметтердің тізімін кеңейту үшін жұмыс істейді. Бүгінгі күні Банк ВТБ (Қазақстан) банкоматтары Банктің төлем карточкаларының иелеріне төлемдерді жүргізуге және ұялы байланыс, коммуналдық төлемдер, кабельдік теледидар және Интернетке қосылу қызметтеріне төлем жүргізуге рұқсат береді, сонымен қатар өздігінен ПИН-кодты ыңғайлы
цифрға ауыстыру қызметіне рұқсат береді. Бұдан басқа, Банктің қолма-қол ақшаны алу кезінде комиссияның шамалы айырмашылығымен клиенттерге осы банктің бөлімшелерін және банкомат желілерін пайдалануға рұқсат беретін «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ хостаралық құрамасы бар.

Банк ВТБ (Қазақстан) шотты теңгеде, ресей рубілінде, АҚШ долларында немесе еурода жүргізу мүмкіндіктерімен Visa International халықаралық жүйесінің төлем карточкаларын ұсынады. Банктің төлем карточка иелерінің келу еліне тәуелдіктен тыс бірыңғай пайдалы тариф бойынша ВТБ және ВТБ24 банкоматтарында (Ресей, Украина, Беларусь, Армения, Әзірбайжан және Грузия) қолма-қол ақша қаражаттарын алуға рұқсат беретін «Домашний» тарифіне қосылуға мүмкіндіктері бар.

Естеріңізге саламыз, Банктің клиенттеріне қолдау көрсететін тәуліктік қызметінің мамандары тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн кеңес береді.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі/ «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).