Банк ВТБ (Қазақстан) «Жаңа жылға ВТБ кредит картасымен» акцияны өткізу аясында жеке тұлғалардың кредиттеу шартын жеңілдетеді

19.11.2013 «Жаңа жылға ВТБ кредит картасымен» акция шеңберінде Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғалардың кредиттеу шарттарының өзгертілгені туралы хабарлайды. Акцияны өткізу мерзімі ішінде Банк бір құжат – жеке куәлік бойынша кредит карталарын ұсынады (көрсетілген ЖСН).

11 қараша 2013 жылы «Жаңа жылға ВТБ кредит картасымен» акцияның алғашқы 30 жеңімпазы анықталғаны ертерек хабарланған болатын. 50 000 теңге ақша ұтыс ойынына 2013 жылдың қазан айының ішінде кредит картасын ашқан Банктің клиенттері қатысты. Ұтыс ойындары қараша және желтоқсан айларының қорытындысы бойынша өткізілетін болады. 2014 жылдың қаңтарында белгіленген 50% кем емес кредит лимитін пайдаланған клиенттер арасында 150 мың теңгені ұтып алған 10 бақытты жеңімпаздар анықталады.

Естеріңізіге саламыз, кредит лимитінің сомасы 2 000 000 теңгеге дейін құрайды. Карточканың иесі кредит лимитінің арқасында сатып алулар жүргізе алады және 2 ай ішінде көрсетілген кезеңде толық өтеген кезде пайыздарды төлемейді. 

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі. ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі/ «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).