Банк ВТБ (Қазақстан) Интернет-Банкинг пайдаланушыларынын санын 2013 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша 65% көбейтті

11.11.2013 Банк ВТБ (Қазақстан) «VTB Online banking» Интернет-Банкинг Жүйесі заңды тұлғалары үшін он-лайн қызметтерін ұсынады.

Банк дистанциялық қызметтерін белсенді дамытады, сондай-ақ 2013 жылдың қазанында заңды тұлғалардың – пайдаланушылардың саны 65% көбейді. Ұлттық және шетел валюталарындағы төлемдер мен аударылымдар бойынша операциялар клиенттер үшін танымал.

Естеріңізге саламыз, Банк ВТБ (Қазақстан) 2013 жылдың тамыз айында VTB Online banking дистанциялық банк қызметін іске қосты. Бұл кезеңде қазақстандық еншілес Банк ВТБ, біріншіден Банктің клиенттеріне сүйене отырып, сонымен қатар осы салада нарықтың дамуына сәйкес жүйені жаңарту және жаңа сервистерді қосу бойынша жұмыстарын жалғастырады.

Бүгінгі күні, заңды тұлғалары үшін сервис өз шоттарын басқаруға, ұлттық және шетел валюталарында төлемдерді, валюталық аударылымдарды және айырбастауларды жүзеге асыруға, сонымен қатар Банкке бармай қолданыстағы кредиттер, кепілдіктер, аккредитивтер, депозиттер бойынша ақпараттарды қарастыруға рұқсат береді. Бұдан басқа, VTB Online banking сервис арқылы клиенттер кредитті алуға, кепілдіктерді, аккредитивтерді және т.б. шығаруға өтінімдерін жібере алады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9 %).

ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.