Банк ВТБ (Қазақстан) Байланыс-орталығына 2 жыл толды

08.11.2013 8 қарашада Банк ВТБ (Қазақстан) Бөлшек сауда бизнесін дамыту департаментінің Клиенттерге қызмет көрсету басқармасы Байланыс-орталығын іске қосу күнінен бастап 2 жылдығын тойлады.

Әріптестерді Банк Басқармасының мүшелері және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары құттықтады.

Банк Басқармасының Төрағасы, Сергей Гусаров: «Құрметті әріптестер, сіздердің күрделі еңбектеріңіз үшін рахмет – сөйлесудің бірінші секундтарынан бастап клиенттердің біздің Банк туралы алғашқы пікірлері сіздерге байланысты. Дәрежелеріңіз өсіп, қойылған мақсат жетістіктеріне жетуді тілеймін, осы жерде жұмыс істеп алған тәжірибелеріңіз болашақта қажет болатынына сенемін».

Байланыс-орталығы кез келген қызықтыратын сұрақтарыңызға телефон және Интернет арқылы кеңес бере алады. Қызметкерлер банк өнімдері және қызметтері туралы толық мәліметтер береді, клиенттерді туған күндерімен құттықтайды, кредиттің өтеу күнін ескертеді, бір сөзбен айтқанда, Банк ВТБ (Қазақстан) «дауысы» болып табылады.

2013 жылдың 10 ай ішінде Банктің Байланыс-орталығына 205 мыңнан астам қоңыраулар шалынды, бір клиентке кеңес берудің орташа уақыты 1,44 минутты құрады. Есеп беру кезеңінде Байланыс-орталық жұмысының арқасында бір млрд. теңгеден аса сомаға 631 кредит берілді, сонымен қатар қарыздың негізгі үлесі «Қолма-қол кредит» - 84,6% өніміне келеді.