Ең үздік кассир СҚО Банк ВТБ (Қазақстан) жұмыс істейді

31.10.2013

Петропавл қ. Банк ВТБ (Қазақстан) Филиал кассасының меңгерушісі – Елена Александровна Сафонова кәсіби шеберлік конкурсында Солтүстік-Қазақстан облысының банк кассирлері арасында 2 орынға ие болды.

25 қазанда «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ Петропавл филиалының ғимаратында касса қызметкерлерінің арасында банкаралық конкурс өткізілді. Конкурс Ұлттық валюта – теңгенің 20 жылдығына және Халық Банкінің 90 жылдығына арналған. Бұл масштабты жарысқа Солтүстік-Қазақстан облысының екінші деңгейдегі барлық банктер және өңірдегі Ұлттық Банкінің қызметкерлері қатысты.

Ұйымдастырушылардың ойы бойынша конкурстың негізгі мақсаты - банк кассирлерінің абыройын көтеру, жоғары білікті қызметкерлердің тәжірибелерін және жетістіктерін насихаттау, кәсіби шеберлікті жетілдіру.

Конкурс 2 бөліктен құралды:

1. Теориялық бөлігінді нормативтік-құқықтық актілері бойынша білімдері, төлеу қабілеттігі, банкнот пен тиындардың түпнұсқаларын ажырату, кассалық, сейфтік операцияларын жүргізу, валютаны айырбастау мерзімі мен тәртібі, банкнот пен тиындарды алу анықталды, тапқырлық сұрақтар қойылды.

2. Конкурстың тәжірибелік бөлігінде банкноттарды қайта есептеу шеберлігі, тозу деңгейіне, шығарылған жылына сұрыптау, касса құжаттарының ресімделген қажетті деректемелері тексерілді. Бұдан басқа, ақшаны қолмен санау жылдамдықтарына жарыстар өткізілді.

Әр облыс банкілері өздерінің ең үздік қызметкерлерін конкурсқа қатыстыруға борыш деп есептеді. Петропавл қ. Банк ВТБ (Қазақстан) Филиалын ұсыну құқығы касса меңгерушісі - Елена Александровна Сафоноваға берілді.

Елена Александровна – өз мамандығының нағыз шебері, банк саласында жұмыс өтілі 20 жылдан асады. Оның өз жұмысына деген махаббаты, тәжірибесі, төзімділігі, кәсіпқойлығы барлық филиал қызметкерлері үшін үлгі болып табылады.

Елена Александровнаның жеңісі үшін Банктердің барлықтары жанкүйер болды, конкурсқа облыстың ең үздік кассирлері қатысқандықтан, бәсекелестік өте қатаң болды.

Конкурстың қорытындысы бойынша қиын тартыста Елена Александровна өз еңбегімен және көпшілікке танымал болып 2 орынға ие болды! Біздің нәтижелеріміз ірі банктердің көрсеткіштерін анықтады: Ұлттық Банк, КазкоммерцБанк, БТА және басқа. Банк ВТБ (Қазақстан) қызметкерлерінің дайындық деңгейі қорытындыны жүргізу кезінде ерекше белгіленді.