Банк ВТБ (Қазақстан) 2013 жылы 9 айға шағын бизнеске 11,5 млрд.теңге кредит қаражатын берді

08.11.2013

kozhevnikov-0144-IMG_0183.jpg

Банк ВТБ (Қазақстан) 2013 жылы 9 айда шағын бизнестің кредит порфелінің көбейтілгенін көрсетті. 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 228% құрады.

Бірінші кезекте қарқынды өсу шағын бизнес өкілдері үшін арнайы өнімнің кеңеюімен байланысты: 2012 жылы Банк ВТБ (Қазақстан) кәсіпкерлерге жаңа өнімді ұсынды - «Жылдам кредит». Кредит ШБК қажеттілігіне сәйкес дайындалған, және қысқа мерзім ішінде қарыз алушының қаржы талдауының жеңілдетілген кестесі бойынша қаржыландыруды алуға бағытталған.

Банк ВТБ (Қазақстан) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысады, оның ішінде «2020 Бизнестің жол картасы»; Бюджеттік Бағдарлама 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға кредит (лизинг) бойынша сыйақы ставканы өтеу» Ауыл шаруашылығының Министрлігі; «Даму өңірлері III» Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлік басымдық жобаларын қаржыландыру бағдарламасы.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Бөлшек сауда бизнесін дамыту Департаментінің Директоры Динара Жакенова: «Біздің Банк 2013 жылы 9 айға шағын бизнеске 11,5 млрд. теңге кредит қаражатын берді, сондай-ақ 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шағын бизнеске кредитті беру 183% көбейді. Шағын бизнес бөлшек сауда бизнесінің клиент сегменттерінің бірі болып табылады. Біздің банкте әрбір клиентке жеке көзқараспен қарау шағын бизнесті кредиттеудің негізгі ерекшелігі болып табылады».

Анықтамалық: 

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі
ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі/ «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.
Банк ВТБ (Қазақстан) Филиал желілері 17 қалаларды қамтиды, және 24 сауда орындарын құрайды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).