Банк ВТБ (Қазақстан) Private Banking бағытын ашып жатыр

18.10.2013
2013 жылғы 18 қазанда Алматыда ресейлік ВТБ-нің еншілес Банкі – Банк ВТБ (Қазақстан) салтанатты түрде ВТБ Private Banking офисін ашты.

Private Banking – бұл әдетті VIP-қызмет көрсетуден түбегейлі түрде ерекшеленетін, ірі капитал иелері мен олардың отбасы мүшелеріне жеке сыйлықақылы қызмет көрсету. Банк ВТБ ТМД елдерінің және Грузияның аумағында Private Banking сегментін 2008 жылдан бастап дамытып келеді және бүгінгі таңда осы форматтағы офистер Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Самарада, Екатеринбургте, Краснодарда, Ростов-на-Донуда, Қазанда, Нижний Новгородта, Ереванда, Тбилисиде және Киевте жұмыс істеп жатыр. 

Private Banking жұмысының басты мақсаты аса дәулетті клиенттердің қаржылық әулетін тиімді дамытудан және оларға қызмет көрсетудің максималды құпиялылығын қамтамасыз етуден тұрады. Клиентке дербес менеджердің көмегімен ағымдағы тұтынушылықтың қаржылық шешімдері ұсынылады: қолайлы есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету және сыйлықақылы банктік карталар.

Қазақстанда ВТБ Private Banking офисінің ашылуы – бұл ТМД және Грузияның барлық аумағында Private Banking үшін бірыңғай кеңістікті құру бойынша жаһандық қадамдардың бірі. Соңғы 2,5 жылда ВТБ Private Banking офистері және де Лондонда және Кипрде ашылды.

Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы: «Қазақстанда дәулетті клиенттерге қызмет көрсету бағыты жеткілікті перспективалы. Private Banking ашып, біз өзінде жеке банктік қызмет көрсету тәжірибесінен ең жақсы шешімдерін, кәсіпқойлықты және ВТБ тобының сенімділігін байланыстыратын капиталға қызмет көрсетудің жеке бағдарламасын ұсынамыз».

ВТБ Private Banking бірінші офисі мына мекен-жайы бойынша орналасқан: Тимирязев к-сі, 28 «в». Клиенттер еуропалық деңгейдегі жеке банктік қызмет көрсетудің қызметтерімен пайдалануға мүмкіндіктері болады. ВТБ Private Banking әр клиентпен даралап тіл табысуға және қызмет көрсетудің жоғары сапасына кепілдік береді.

Анықтамалы:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).